1 results
Search Results
Now showing 1 - 1 of 1
Item Open Access СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ МӘСЕЛЕСІ(СДУ хабаршысы - 2018, 2018) Ш.Л. ЕрхожинаАңдатпа. Мақалада студенттердің оқу-танымдық мәселесі және оны қалыптастыру құзыреттілігі сөз болады. «Таным», «оқу-танымдық ісәрекет» және «құзыреттілік» ұғымдарының мәнін ашудан бастап, олардың бір-бірімен өзара байланысы анықталды. Білімгердің танымдық белсенділігін айқындайтын белгілер, дамыту тиімділігін көрсететін жетекші факторлар,оқу-танымдық құзыреттілік талаптарықарастырылды. Ғалымдардың тұжырымдарын саралай келе, студенттердің оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру нәтижесіндегі қамтылатын білім, білік, дағдылар нақты айқындалды. Авторлардың пікірінше, оқу-танымдық құзыреттілік қалыптастыру негізінде студент белгілі білім негізін игеру барысында ғылыми зерттеудің әдіс-тәсілдерін; саланың ғылыми әдістерінің шегарасын; зерттеудің ғылыми білімінің жүйесін; іргелі және қолданбалы зерттеудің негізгі бағыттары мен перспективаларын білуі қажет. Білімалушы өзіндік талдаулар жасай алатын, қорытынды жасай білетін, ойлау дербестігі, логикалық, жүйелі ойлауын дамытқан құзыретті тұлға ретінде қалыптасады.