3 results
Search Results
Now showing 1 - 3 of 3
Item Open Access ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕР(СДУ хабаршысы - 2017, 2017) А.О. Атейбек; Х.А. ОрдабековаАңдатпа. Бұл мақалаға қазіргі қазақ жастарының сөйлеу тіліндегі ерекшеліктері мен ауытқулары мәселесі негіз болып отыр. Мақалада қазіргі қазақ жастарының сөйлеу тіліндегі кездесетін ерекшеліктер мен ауытқулардың тілдегі көрінісі айқындала отырып, оған әсер етуші факторлар жайында сөз қозғалады. Сондай-ақ, зерттеу жұмысы барысында жастардың күнделікті коммуникациясы кезінде байқалатын тілдегі грамматикалық ауытқулары мен сөйлеу тілінде көрініс табатын ұлттық стереотиптер мәселесі де сөз болады. Жастардың сөйлеу тілінде туындаған бұл мәселе бүгін тек лингвистика үшін ғана емес, сондай-ақ, басқа да қоғаммен тығыз байланыстағы салалар үшін де өзекті. Себебі, кез келген индивидуум қоғамның бір бөлігі. Ал, қоғамдық өмірде тілдің қатынаспайтын жері болмайтыны белгілі. Қазіргі қазақ жастарының сөйлеу тіліндегі ерекшеліктер мен жаңа қолданыстар тіл біліміндегі ғалымдар назары ауа бастаған өзекті тақырыптардың бірі болып отыр.Item Open Access «ТІЛДІК ТҰЛҒА» ДЕҢГЕЙЛЕРІНІҢ КӨРКЕМ МӘТІНДЕРДЕГІ КӨРІНІСІ(СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Х.А. Ордабекова; Г.Ж. БайғабыловаАңдатпа. Мәтіннің өзге бірліктерден жоғары тұрған сөйлеу бірлігі ретіндегі мәртебесі ХХ ғасырдың орта шенінде ғылыми тұрғыдан мойындала бастады. Бүгінде мәтін лингвистикасы ғылыми ой-сана өркениетінің бір белесінен хабар береді. Мәтін талдау лингвистикасы антропоцентрлік жүйеге тән бағыттарды қамти алады. Сондықтан кез келген тілді үйренуде көркем мәтін лингвистикасының ықпалы зор. Біздің мақаламызда «тілдік тұлға» мәселесі М. Жұмабаев шығармаларын талдау негізінде қарастырылды. Ю.Н. Карауловтың тілдік тұлға теориясының үшдеңгейлік үлгісі бойынша аталған ақындардың шығармаларын вербалды-семантикалық, лингвокогнитивтік және прагматикалық деңгейлерге бөліп қарастыру мәселесіне ден қойылды. Сондай-ақ, көркем шығармадағы «ғаламның тілдік бейнесінің» концептілік құрылымын нақты мысалдармен анықтауға баса назар аударылды. Тұлға деген тура мағынасында «дене», «адам денесі», «қорғаныш», «тірек», «бейне» деген мағыналарда қолданылады. Шығарманы жазған адам, қалай болғанмен де, негізінен мәтін арқылы танылады. Тұлғаны (мәтін түзушіні) тілден (мәтін тілінен) іздеу қазіргі антропоцентризм бағытына деген замана бетбұрысымен қиысады. Ал мәтін тілі сол заманның тарихи-мәдени жағдайларымен тығыз байланыста алынуы шарт. Осы орайда авторлардың тілдік тұлғасын сипаттайтын ерекше контекске назар аударылды, тұлғаның шындық болмысты танып білу айнасы ретіндегі «дүниенің тілдік бейнесі» көркем мәтіннің мазмұнына сәйкес танымдық құрылымдар негізінде концептілік жүйеде түсіндірілді, екі ақынды тілдік тұлға ретінде дамытатын прагматикалық бірліктер, мақсаттар анықталды.Item Open Access КАРИКАТУРА — САЯСИ ДИСКУРСТЫҢ БІР ЖАНРЫ РЕТІНДЕ(СДУ хабаршысы - 2017, 2017) А.Ә. Жұмағұл; Х.А. ОрдабековаАңдатпа. Бұл мақалада мәтінге лингвистикада қойылатын талаптар туралы жазылды. Уақыт өте келе мәтінге алғашқы уақыттарда берілген анықтамалар бүгінгі таңдағы мәтін ұғымын жан-жақты ашып бере алмайтындығы сөз етілді. Тіл білімінде мәтінді синтаксистік бірлік, бір ойды білдіретін, логикалық байланысқа құрылған сөйлемдер жиынтығы деп қана тану аясы тар тұжырым. Қазіргі таңда мәтін ақпараттылық, жинақтауыштық, модальдылық, адресаттылық, дискреттілік категориясына сәйкес келу керек. Бұл категориялар қазіргі тіл білімінде мәтін мен дискурсқа қойылатын талаптар іспетті. Осы категорияларға жауап бере алатын креолды мәтіндер болып табылады. Мақалада карикатураны креолды мәтіннің бір түрі ретінде алып, мазмұндық белгісіне сәйкес саяси дискурстың бір жанры болғандықтан, алдымен оның ақпараттылығын қарастырылады. Мақалада қазақ тіл білімінде алғаш рет карикатураны саяси дискурстың жанры ретінде қарастыру мәселесі жазылған.