1 results
Search Results
Now showing 1 - 1 of 1
Item Open Access Қазіргі ақын әйелдер поэзиясындағы метаморфоза көріністері(Suleyman Demirel University, 2012) Отарбаева ҒҚазіргі әдеби даму мен көркемдік ізденістер әдебиеттану ғылымының алдына күрделі міндеттер қойып отыр. Сол міндеттердің бірі – әдебиеттегі мифологизм мәселесі, мифопоэтикалық құрылым, мифологияда көрініс беретін метаморфозалар мен оның түрлері, құбылушылық желілерінің көркем әдебиетке қалай енуі және олардың көркемдік-идеялық қызметін анықтау. Әдебиеттегі «құбылу» сарыны, метаморфоза жайлы пайымдаулар әлемдік әдебиеттануда көне дәуірлерден бастау алады. Адамзат санасының алғашқы кезеңіне тән мифологиялық ойлау уақыт өте келе көркемдік ойлаудың негізіне айналды. Әдеби шығармадағы көркемдік шындықтың бейнеленуінде мифтік негізде қалыптасқан образдар мен сюжеттер жүйесі маңызды қызмет атқарғаны белгілі.