Қазіргі ақын әйелдер поэзиясындағы метаморфоза көріністері
Loading...
Date
2012
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Suleyman Demirel University
Abstract
Қазіргі әдеби даму мен көркемдік ізденістер әдебиеттану ғылымының алдына күрделі міндеттер қойып отыр. Сол міндеттердің бірі – әдебиеттегі мифологизм мәселесі, мифопоэтикалық құрылым, мифологияда көрініс беретін метаморфозалар мен оның түрлері, құбылушылық желілерінің көркем әдебиетке қалай енуі және олардың көркемдік-идеялық қызметін анықтау. Әдебиеттегі «құбылу» сарыны, метаморфоза жайлы пайымдаулар әлемдік әдебиеттануда көне дәуірлерден бастау алады. Адамзат санасының алғашқы кезеңіне тән мифологиялық ойлау уақыт өте келе көркемдік ойлаудың негізіне айналды. Әдеби шығармадағы көркемдік шындықтың бейнеленуінде мифтік негізде қалыптасқан образдар мен сюжеттер жүйесі маңызды қызмет атқарғаны белгілі.
Description
Keywords
әйел ақындар шығармашылығы, метаморфоза, гендерлік аспектілер, қазіргі қазақ поэзиясы
Citation
Отарбаева Ғ / Қазіргі ақын әйелдер поэзиясындағы метаморфоза көріністері / 5th International Conference, Building Cultural Bridges: Integrating Languages, Linguistics, Literature, Translation and Journalism into Education /ISBN: 9965-792-05-4, Suleyman Demirel University, 2012 pgs 361-363