Search Results

Now showing 1 - 2 of 2
  • ItemOpen Access
    ОҚЫЛЫМ ӘРЕКЕТІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ
    (СДУ хабаршысы - 2018, 2018) М.С. Жолшаева; С.А. Дәуірхан
    Аңдатпа. Бұл мақалада қазақ тілі пәнінде оқылым әрекеті арқылы функционалды сауатты ұрпақты қалыптастырудың жолдары ұсынылған. Осыған орай оқылым дағдыларын қалыптастыруда күтілетін нәтижеге бағытталған оқу мақсаттары берілген. Мақалада жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасының ерекшеліктері айтылады. Жаңартылған бағдарламаның негізгі мақсаты – сөйлесім әрекетін дамыта отырып, сыни тұрғыдан өз көзқарасын білдіретін, ойын еркін жеткізе алатын, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатта қазақ тілі пәнінде тілдік және қатысымдық әрекеттерді оқушыға меңгерту үшін мынадай дағдылар ұсынылады: тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары. Қaзaқcтaндық білім берy жүйеcінің әлемдік білім берy кеңіcтігіне еркін енyі үшін қaзaқ тілі пәніндегі oқылым әрекетінің aтқaрaтын рөлін, oқылым әрекетінің фyнкциoнaлды cayaтты тұлғaны қaлыптacтырyдa беретін мүмкіндіктеріне тaлдay жасалды.
  • ItemOpen Access
    «ШАРТ» ҰҒЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ЗЕРТТЕЛУІ
    (СДУ хабаршысы - 2018, 2018) М.С. Жолшаева; Г.Ө. Мұсабек
    Аңдатпа. Бүгінгі таңда тілді зерттеу барысында оны тек сипаттап, жүйелеу жеткіліксіз. Қандай да бір тілдің табиғатын толығымен ашу үшін, тілді сипаттап, жүйелеумен қатар, адамның сөйлеу процесімен тұтастықта қарау қажеттілігі туындап отыр. Осының негізінде «адам – тіл – ойлау» үштігіне негізделген тіл білімінің антропоцентристік бағыты алдыға шығып отыр. Коммуникативтік бағыттағы зерттеулерде тілдік бірліктердің басқа деңгейдегі тілдік бірліктермен байланысы, сөйлеу кезіндегі «сөйлеуші» мен «тыңдаушының» қатысы тұрғысынан қарастырылып, зерттеледі. Дегенмен, бұл коммуникативтік бағыттағы зерттеулертілдің құрылымдық грамматикасын басшылыққа алатындығы белгілі. Сондықтан, шарт ұғымын функционалды грамматика тұрғысынан қарастыру кезінде қазақ тіл біліміндегі зерттелуін, тілдің əр деңгейіндегі қолданылу ерекшеліктерін анықтау қажет. Мақалада əр тілдік деңгейдегі «шарттық» ұғымның қазақ тіл біліміндегі зерттелуі қарастырылған.