Search Results

Now showing 1 - 2 of 2
  • ItemOpen Access
    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИСКУРСТАҒЫ БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАР
    (Suleyman Demirel University, 2016) Мұхамади Қ.; Иісова Э.
    Бейвербалды қарым-қатынас түрінің жасалу жолдары мен табиғатын ашып көрсету, әсіресе оның дискурс тұрғысынан көрінісін талдап-жүйелеу жаңа ғылыми бағыттарды терең түсінуге ықпал етеді. Өйткені тілдің әлеуметтік, психологиялық лингвистика сынды салаларының фактілерін салыстыра, салғастыра отырып, кешенді қарастыру барысында бейвербалды амалдардың көптеген сипаттарын ашып көрсетуге болады. Мұндай мақсатқа жетуге арқау болар өзек ретінде педагогикалық дискурс мәселесі туралы да сөз ету орынды, өйткені білім берудің қай сатысында болмасын мұғалім оқушымен, оқушы мұғаліммен қарым-қатынастың бейвербалды түрін де көп пайдаланады. Сондықтан мақалаға сабақ үрдісіндегі мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасын жүзеге асыратын бейвербалды амалдар арқау болған. Педагогикалық дискурстың құрамында коммуниканттар арасындағы интеграция мен қарым-қатынасын қарау маңызды болып табылады. Ауызекі сөйлеу тіліне қарағанда жазба мәтінде бейвербалды элементтердің қолданысы аз және қолданылу аясы шектеулі болады. Ауызекі сөйлеу тілінде сөйлеуші мен тыңдаушы және ақиқаттық жағдай қалыптасқан. Осындай ерекшеліктерге байланысты сөйленістерде ғана арнайы қолданылатын паралингвистикалық құралдар тілге еніп, қалыптасып кеткен.
  • ItemOpen Access
    Шырайдың аналитикалық бірлігі туралы
    (Suleyman Demirel University, 2010) Мұхамади Қ.
    Бұл мақалада қазақ тіліндегі күшейткіш буындардың табиғаты, олардың шырай категориясын жасаудағы қызметі және ғылыми тұрғыдан түрліше жіктелуі қарастырылады. Күшейткіш буындардың тілдік мәртебесі туралы А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, Ж.Шәкенов, Н.Оралбаева, С.Исаев, Ә.Төлеуов және С.Кенбаева еңбектеріндегі көзқарастар салыстырмалы түрде талданады. Авторлар күшейткіш буындарды әртүрлі деңгейде: бөлектенген дыбыстар, қосар сөз, үстемелі тұлға, интенсив сөз, аналитикалық көрсеткіш деп сипаттайды. Мақалада күшейткіш буындардың қос сөздермен араластырылып келген пікірлерінің қате екені көрсетіліп, олардың туынды сөз емес, грамматикалық мағына үстейтін аналитикалық форма екендігі дәлелденеді. Күшейткіш буындардың сапалық сын есімге тіркесіп, оның белгісін күшейтетін, мағынаны үдететін негізгі көрсеткіш екені нақты мысалдар арқылы түсіндіріледі. Соңында күшейткіш буындардың шырайдың аналитикалық тұлғасын жасайтын дербес грамматикалық бірлік екені тұжырымдалады.