2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access 1929-1940 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЛАТЫН ГРАФИКАЛЫ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХИ ТАҒЫЛЫМЫ(СДУ хабаршысы - 2018, 2018) Күдеринова Қ.Б.; Абдиева М.Аңдатпа: Бұл мақалада 1929-1940 жылдардағы латын графикалы қазақ жазуының тарихи тағылымы сөз болады. Зерттеу нәтижесі латын графикасымен басылған қазақ кітаптары туралы еңбектердің жоқ екендігін көрсетеді. 1929-1940 жылдары латын графикасымен Қазақстанда жарық көрген кітаптардың тізбесі жасалынып, кестемен көрсетілген. Кітаптардың авторлары, редакторлары, қай қалаларда басылғандығы да көрсетілген. Мақалада латын графикасындағы қазақ әліпбиімен 1929 жылдан емес, 1928 жылдан бастап шыға бастағаны айтылады. 1928 жылы 5000 тиражбен жарық көрген Байділдаұлы Ә. «Жаңа әліппе туралы» еңбегі талданады. Кітаптағы орфографиялық және пунктуациялық ерекшеліктер айтылады. Мәселен, «бас әріпке байланысты қиындықтар», «/в/-ның үлкен әріп нұсқасы», «қысаң езуліктердің емлесі», «и, у дыбыстарының жазылуы», «кейбір дауыссыз дыбыстардың жазылуы», «сөздерді бірге, бөлек жазудағы өзгерістер»,«кейбір тыныс белгілердің қолданылуы» секілді ерекшеліктер талданады.Item Open Access «АБАЙ ЖОЛЫНЫҢ» 1-КІТАБЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК КІЛТ(СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Күдеринова Қ.Б.Аңдатпа. Мақалада қазақ сөз зергері М.Әуезовтің «Абай жолы» тарихи туындысының алғашқы кітабының тіл көркемдігіне талдау жасалады. Тіл көркемдігі деп қазіргі ешбір сөздіктерде тіркелмеген, не сөз тіркесі, не тұрақты сөз тіркесі, не идиома, не болмаса архаизм, историзм, я диалектизмдер болып табылмайтын тұрақты оралымдардың қолданылу стилін алады. Автор қазіргі көркем мәтіндердегі кодталған осындай сөздердің мағынасы бүгінгі жас оқырмандарға түсініксіз болғандықтан оқылмай кететініне және сондықтан классикалық шығармалардың оқылмай бара жатқанына назар аудартады. Сол себептен мәтінде кодталған тарихимәдени сөздердің мағынасын контекст арқылы аша отырып, оқырманның эстетикалық санасын оятудың жолдарын қарастыруға шақырады. Әлеуметтік-бұқаралық сананы қалпына келтіру жоларын қарастыруды алға қояды. Бұл түптеп келгенде қазақ тілінің жаппай қолданыс табуына бастайтын іс екендігін болжайды.