Search Results

Now showing 1 - 5 of 5
  • ItemOpen Access
    1929-1940 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЛАТЫН ГРАФИКАЛЫ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХИ ТАҒЫЛЫМЫ
    (СДУ хабаршысы - 2018, 2018) Күдеринова Қ.Б.; Абдиева М.
    Аңдатпа: Бұл мақалада 1929-1940 жылдардағы латын графикалы қазақ жазуының тарихи тағылымы сөз болады. Зерттеу нәтижесі латын графикасымен басылған қазақ кітаптары туралы еңбектердің жоқ екендігін көрсетеді. 1929-1940 жылдары латын графикасымен Қазақстанда жарық көрген кітаптардың тізбесі жасалынып, кестемен көрсетілген. Кітаптардың авторлары, редакторлары, қай қалаларда басылғандығы да көрсетілген. Мақалада латын графикасындағы қазақ әліпбиімен 1929 жылдан емес, 1928 жылдан бастап шыға бастағаны айтылады. 1928 жылы 5000 тиражбен жарық көрген Байділдаұлы Ә. «Жаңа әліппе туралы» еңбегі талданады. Кітаптағы орфографиялық және пунктуациялық ерекшеліктер айтылады. Мәселен, «бас әріпке байланысты қиындықтар», «/в/-ның үлкен әріп нұсқасы», «қысаң езуліктердің емлесі», «и, у дыбыстарының жазылуы», «кейбір дауыссыз дыбыстардың жазылуы», «сөздерді бірге, бөлек жазудағы өзгерістер»,«кейбір тыныс белгілердің қолданылуы» секілді ерекшеліктер талданады.
  • ItemOpen Access
    «АБАЙ ЖОЛЫНЫҢ» 1-КІТАБЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК КІЛТ
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Күдеринова Қ.Б.
    Аңдатпа. Мақалада қазақ сөз зергері М.Әуезовтің «Абай жолы» тарихи туындысының алғашқы кітабының тіл көркемдігіне талдау жасалады. Тіл көркемдігі деп қазіргі ешбір сөздіктерде тіркелмеген, не сөз тіркесі, не тұрақты сөз тіркесі, не идиома, не болмаса архаизм, историзм, я диалектизмдер болып табылмайтын тұрақты оралымдардың қолданылу стилін алады. Автор қазіргі көркем мәтіндердегі кодталған осындай сөздердің мағынасы бүгінгі жас оқырмандарға түсініксіз болғандықтан оқылмай кететініне және сондықтан классикалық шығармалардың оқылмай бара жатқанына назар аудартады. Сол себептен мәтінде кодталған тарихимәдени сөздердің мағынасын контекст арқылы аша отырып, оқырманның эстетикалық санасын оятудың жолдарын қарастыруға шақырады. Әлеуметтік-бұқаралық сананы қалпына келтіру жоларын қарастыруды алға қояды. Бұл түптеп келгенде қазақ тілінің жаппай қолданыс табуына бастайтын іс екендігін болжайды.
  • ItemOpen Access
    ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ
    («Елтаным» баспасы, 2013) Күдеринова Қ.Б.
    Жазу мәдениетінің жетіліп, жазба нормалардың қалыптануы, қазақ тілінің ресми ісқағаздарында жаппай қолданылып келе жатқан қазіргі кезең болашақ тіл маманына жазуымыздың тарихынан, қолданыстағы емле нормаларының уәжділігінен білімі болуды міндеттейді. Егемендік жылдарынан бастап казак тілі, әдебиеті, тарихы, мәдениетімен қоса қазақ жазуына да жаңа көзқарас, тарихына жаңаша бағам пайда бола бастады. Оқу кұралда қазақ мәдени өмірінде колданылған әліпби түрлері, емле ерекшеліктері жазу теориясына қатысты білімдермен түсіндіріледі. Дәріс мәтіндері әртүрлі дереккөздерін сөйлете отырып, түсінікті тілмен баяндалады, семинарға қажетті материалдармен қамтамасыз етіледі. Студенттер мен магистранттарға арналған.
  • ItemOpen Access
    Жазба тіл мен ауызша тілдің өзара кодталу сатылары
    (Suleyman Demirel University, 2008) Күдеринова Қ.Б.
    Мақалада жазба тіл мен ауызша тілдің екі түрлі код жүйесі ретінде өзара байланысы қарастырылады. Қазақ тілінде жазба тіл мен ауызша тіл арасындағы шекара толық ажыратылмаған, бұл оқыту мен коммуникацияда қиындықтар тудырады. Автор екі тілдің құрылымын — жазылым мен оқылым, айтылым мен естілім құрағы ретінде қарастырып, олардың параллель жүйелер екенін көрсетеді. Жазба тілдің графикасы мен орфографиясы, ауызша тілдің дыбыстық және интонациялық ерекшеліктері бір-біріне толық сәйкес келмейді. Кодтау және қайта кодтау процесі арқылы ой мен түсінікті сыртқа шығару мүмкіндігі шектеулі, сондықтан жазуды меңгеру тек әріптерді тану емес, ауызша сөйлеу мәнерін жазба мәтінге лайық бейімдеу арқылы жүзеге асады. Мақала тілдік сана мен коммуникацияның күрделі табиғатын зерттеуге арналған.
  • ItemOpen Access
    БҰРЫНҒЫ КЕҢЕСТІК ТҮРКІ ТІЛДЕРІ ЖАЗУЛАРЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР
    (Suleyman Demirel University, 2016) Күдеринова Қ.Б.
    Мақалада бір әліпбилік жүйені қолданатын советтік және түркі тілдер ерекшеліктерінен, оларлдың арасындағы ақпарат алмасу кезінде туындайтын қиындықтар қарастырылады. Сол себептен автор бірыңғай әліпбилік жүйені ұсынады. Өзекті мәселе болып туыс тілдердің ортақ жазу ережелерін қабылдау сұрағы талқыланды.