2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access ЭКОЛОГИЯ ПӘНІН ӘРТҮРЛІ МАМАНДЫҚТАРДА ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ(Suleyman Demirel University, 2016) Бекенова Г.С.; Йылмаз С.; Жұмақаева Б.Д.Мақалада «Экология және тұрақты даму» пәнін әртүрлі мамандықтарда оқытудың өзектілігі мен ерекшеліктері сауалнама жүргізу арқылы жан-жақты зерттелді. Сауалнама соңғы бес жылда оқытылған он үш мамандық бойынша өткізілді. Университетіміздің төрт факультетінде білім алатын студенттер, саласына қарай техникалық, экономикалық, тіл білімдері және заң ғылымдары болып топтастырылды. «Экология және тұрақты даму» курсы аяқталғанан кейін әрбір факультет студенттерінен пәнді игерудегі есінде қалған маңызды мәліметтер мен алынған білімнің қаншалықты қызықты, пайдалы болғандығы жөнінде сауалнама жасалды. Білімгерлердің қызығушылығы мен пікірін ескере отырып, пәннің мазмұны мен тақырыптары жаңартылып отырылды. Сауалнама нәтижесі бойынша пәннің мультидисциплинарлы, яғни әртүрлі ғылымдармен байланысы бар - болуына байланысты студенттер арасында үлкен қызығушылық тудыратыны көрсетілді. Әсіресе, мемлекетіміздің үштұғырлы тіл саясатын қолдау үшін, сабақты ағылшынша жүргізу, студенттердің төменгі курстарда тілдік деңгейін дамытуда оң ықпал ететіндігі анықталды. Сондай-ақ, әрбір топтың мүшелері өздерінің мамандығына жақын тақырыптарды өзекті деп санайтындығы байқалды.Item Open Access ИНТЕРПРЕТАЦИЯ – КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ҚАБЫЛДАУ МЕН ТҮСІНУДІҢ БІР ЖОЛЫ(Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы, 2019) Отарбаева Ғ.Н; Жұмақаева Б.Д.Мақалада көркем шығарманы интерпретациялаудың тәсілдері мен түрлері, олардың туындауы туралы зерделенеді. Көркем мәтінді түсінуде интерпретацияның түрлі тәсілдері мен түрлері қарастырылады. Қабылдау мен түсінудің арақатынасы, интепретацияның негізгі түрлері мен қызметі, көркем шығарманы түсінудің тәсілдері мен деңгейлері сараптала отырып, негізгі ой-тұжырымдар ғалымдар пікірлерімен дәйектеледі. Интерпретация теориясының негізгі мәселері мен олардың туындау себептері айтылады