Search Results

Now showing 1 - 5 of 5
  • ItemOpen Access
    Қазақ тіліндегі етістіктер және аспектуалды семантика
    (Suleyman Demirel University, 2011) Жолшаева М.С.
    Монографияда етістіктің қимылдың өту сипаты категориясы жүйелі-құрылымдық және функционалды-семантикалық тұрғыдан кешенді қарастырылу арқылы қазақ тіліндегі аспектуалды семантиканың қалыптасу заңдылықтары анықталған және аталған категорияның тілдік мәртебесі нақтыланған. Тілдік құбылыстардың табиғатын толық тану оның қолданымдық сипатымен де байланысты. Еңбекте аспектуалды семантика мәселесі функционалды грамматика ұстанымдары тұрғысынан да қарастырылып, тілдік бірліктердің аспектуалды семантика жасауға қатысы және олардың семантикалық өрістегі орны мен өзіндік ерекшеліктері анықталып, қолданыстағы қызметтері сараланған. Еңбек ғылыми қызметкерлер, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ізденушілерге, филология факультеттерінің докторанттары мен магистранттарына, студенттеріне арналған.
  • ItemOpen Access
    ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ ТІЛДІК ТҰЛҒА: КАТЕГОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТИПОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІК
    (СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Жолшаева М.С.; Балтамуратова Ж.А.
    Аңдатпа. Мақалада соңғы жылдары тіл ғылымындағы зерттеулерде қолданылып жүрген «эпистолярлық тілдік тұлға» тіркесінің терминдік статусына байланысты сұрақтар көтеріледі. Ғалымдардың тілдік тұлға феноменін зерттеудегі өзіндік концепциялары, соның ішінде тілдік тұлға типологиясын жасауда ескеретін критерийлердің түрліше болып келуіне орай тілдік тұлғаны топтастырудағы көзқарастары тіл ғылымының салаларына байланысты салыстыра қарастырылды. Эпистолярлық тілдік тұлғаны қарастыру барысында ескерілетін лингвистикалық және экстралингвистикалық факторларға, эпистолярлық қарым-қатынас аясындағы автор образы және оның мәтінде тілдік көрініс табуының ерекшеліктеріне талдау жасалады. А.В.Курьяновичтің эпистолярлық тілдік тұлғаға берген анықтамасына сүйене отырып, эпистолярлық тілдік тұлғаның категориялық және типологиялық ерекшеліктері анықталады. Талдау материалы ретінде Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының М.Ғабдулин, М.Әуезов, М.Әбдіхалықовқа жазған хаттары негізге алынды.
  • ItemOpen Access
    СИНТАКСИСТІК БІРЛІКТЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІ-ПРАГМАТИКАЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ
    (Suleyman Demirel University, 2015) Жолшаева М.С.
    Қазіргі кезде лингнвистикада тілдік құбылыстарды жүйелі-құрылымдық тұрғыдан қарастыруды семантика, синтактика және прагматиканың категорияларына негіздеп, коммуникативтік тұрғыдан қарастыра отырып зерттеу алмастырып келеді. Коммуникативтік тұрғыдан зерттеуге сәйкес кез келген тілдік бірлік оның мазмұнының басқа тіл бірліктерімен өзара байланыстылығы, "сөйлеуші" мен "тыңдаушы" тараптардың сөйлеу актісіне қатысуы жағынан талданады. Мұны лингвистикалық зерттеулердегі жаңа бағыт деп санауға болады. Өйткені мұнда тілдік бірліктерді коммуникация үдерісіндегі сипаты, коммуниканттың тілдік қолданыстардағы рөлі, тіл қызметіндегі адам факторының орны сияқты мәселелер осы зерттеулердің өзегін құрайды. Лингвистикалық зерттеулердің мұндай бағытта жүргізілуі синтаксистегі бірқатар мәселелерді шешуде маңызды сипатқа ие болып келеді. Мақалада қазақ тіліндегі коммуникативтік талапқа сай ұйымдасқан сөйлемнің түрлері талданды.
  • ItemOpen Access
    ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ -ЫЛ, -ІЛ, -Л ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
    (Suleyman Demirel University, 2015) Елтаева А.С.; Жолшаева М.С.
    Мақалада қазақ тіліндегі етіс категориясының функционалды-семантикалық көзқарас тұрғысынан коммуникативті ерекшеліктер негізінде лексико-грамматикалық проблемаларды айқындайды. Етіс категориясы қазақ тілінде көбіне құрылымдық спектіден ғана қарастырылып, функциональды тұрғыдан жіті зерттелмеді. Осы етіс категориясын қызметтік аспектіден жан-жақты қарастырып, оның тұлғаларының функциясын саралау барысында, етісті етістіктің лексика-грамматикалық категориясы ретінде анықтау қазақ тіл білімінің өзекті мәселесі болып табылады.
  • ItemOpen Access
    СИНТАКСИСТІК БІРЛІКТЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІ-ПРАГМАТИКАЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ
    (Suleyman Demirel University, 2015) Жолшаева М.С.
    Қазіргі кезде лингвистикада тілдік құбылыстарды жүйелі-құрылымдық тұрғыдан қарастыруды семантика, синтактика және прагматиканың катеорияларына негіздеп, коммуникативтік тұрғыдан қарастыра отырып зерттеу алмастырып келеді. Коммуникативтік тұрғыдан зерттеуге сәйкес кез келген тілдік бірлік оның мазмұнының басқа тіл бірліктерімен өзара байланыстылығы, «сөйлеуші» мен «тыңдаушы» тараптардың сөйлеу актісіне қатысуы жағынан талданады. Мұны лингвистикалық зерттеулердегі жаңа бағыт деп санауға болады. Өйткені мұнда тілдік бірліктерді коммуникация үдерісіндегі сипаты, коммуниканттың тілдік қолданыстардағы рөлі, тіл қызметіндегі адам факторының орны сияқты мәселелер осы зерттеулердің өзегін құрайды. Лингвистикалық зерттеулердің мұндай бағытта жүргізілуі синтаксистегі бірқатар мәселелерді шешуде маңызды сипатқа ие болып келеді. Мақалада қазақ тіліндегі коммуникативтік талапқа сай ұйымдасқан сөйлемнің түрлері талданды.