2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access Экология жəне тұрақты даму.(Suleyman Demirel University, 2014) Бекенова Г.С.Оқу құралында «Экология жəне тұрақты даму» пəнінің типтік бағдарламасында көрсетілген тақырыптар негізінде экология ғылымының қарастыратын мəселелері мен міндеттерінен бастап, биосферадағы тұрақсыздықтың пайда болуына əсер ететін антропогендік факторлар, əлеуметтік экологиялық проблемалар, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жолдары мен Қазақстан Республикасында тұрақты даму концепциясын іске асыру барысында атқарылған іс-шаралар жөнінде бірқатар теориялық мəліметтер берілген. Сонымен қатар, өтілген тақырыптарды талқылып бекіту үшін пысықтау сұрақтары, тесттік тапсырмалар мен глоссарийлер ұсынылған. Оқу құралы жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.Item Open Access ЭКОЛОГИЯ ПӘНІН ӘРТҮРЛІ МАМАНДЫҚТАРДА ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ(Suleyman Demirel University, 2016) Бекенова Г.С.; Йылмаз С.; Жұмақаева Б.Д.Мақалада «Экология және тұрақты даму» пәнін әртүрлі мамандықтарда оқытудың өзектілігі мен ерекшеліктері сауалнама жүргізу арқылы жан-жақты зерттелді. Сауалнама соңғы бес жылда оқытылған он үш мамандық бойынша өткізілді. Университетіміздің төрт факультетінде білім алатын студенттер, саласына қарай техникалық, экономикалық, тіл білімдері және заң ғылымдары болып топтастырылды. «Экология және тұрақты даму» курсы аяқталғанан кейін әрбір факультет студенттерінен пәнді игерудегі есінде қалған маңызды мәліметтер мен алынған білімнің қаншалықты қызықты, пайдалы болғандығы жөнінде сауалнама жасалды. Білімгерлердің қызығушылығы мен пікірін ескере отырып, пәннің мазмұны мен тақырыптары жаңартылып отырылды. Сауалнама нәтижесі бойынша пәннің мультидисциплинарлы, яғни әртүрлі ғылымдармен байланысы бар - болуына байланысты студенттер арасында үлкен қызығушылық тудыратыны көрсетілді. Әсіресе, мемлекетіміздің үштұғырлы тіл саясатын қолдау үшін, сабақты ағылшынша жүргізу, студенттердің төменгі курстарда тілдік деңгейін дамытуда оң ықпал ететіндігі анықталды. Сондай-ақ, әрбір топтың мүшелері өздерінің мамандығына жақын тақырыптарды өзекті деп санайтындығы байқалды.