3 results
Search Results
Now showing 1 - 3 of 3
Item Open Access Кәсіби қазақ тілі(Suleyman Demirel University, 2012) Абнасырова Р.Ж.Бұл оқу құралы қазақ тілінен білім берудің қазіргі талаптарына сәйкес жасалған. «Кәсіби қазақ тілі» атты оқулық жоғары оқу орындары есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мен ақпараттық жүйелер мамандықтарының орта және жалғастырушы топтарына арналған. Сонымен бірге, мұғалімдер мен мектеп оқушыларына және қазақ тіліне, есептеу техникасына қызығушылық танытатын кӛпшілік оқырман қауым үшін де пайдалы.Item Open Access БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПРЕЦЕДЕНТТІ ЕСІМДЕР(Suleyman Demirel University, 2016) Абнасырова Р.Ж.; Абнасырова Ғ.Ж.Қазіргі қазақ тіл білімінде халықтың лингво-когнитивті танымына сәйкес прецедентті мәтіндер, прецедентті жағдайлар, прецедентті онимдерді қарастыру өзекті тақырыптардың біріне айналуда. Жазушының сөз саптау жүйесінің бір көрінісі болатын жалқы есімдерге шығарманың тақырыбын, мазмұнын, мағынасын ашуда біршама жүк артылады. Халықтың мәдениетінен, тарихынан, жүріп өткен дәуірінен мол хабар беретін жалқы есімдер – сол тілде сөйлеуші халықтың баға жетпес қазынасы, ұлттық байлығы. Осы қазынаның қыры мен сыры әдебиетте айқын көрінеді. Соның ішінде, балалар әдебиеті өскелең ұрпақты тәрбиелеуде сара жол сілтейтін тәрбие құралы болғандықтан, оның құрамына автор тарапынан енгізілген әрбір оним белгілі бір мақсатты көздеуі тиіс. Осы мақсатты жүзеге асыруда жалқы есімдердің қаншалықты дәрежеде қызмет жасайтындығы, олардың мәтіндегі функционалдық ерекшеліктері, жас оқырман жүрегіне жол таба білуі осы мақалада сөз болады.Item Open Access Қазақ-орыс қостілділік жағдаятындағы морфологиялық интеркаляция(Suleyman Demirel University, 2011) Абнасырова Р.Ж.Бұл мақалада қостілділік, интерференция және интеркаляция сияқты терминдерге анықтама беріліп, қазақ-орыс қостілділігінде ауызекі сөйлеуде кездесетін морфологиялық интеркаляция мәселесі қарастырылады. Қостілділік жеке адамның немесе қоғамның екі тілді қатар қолдануын білдіреді. Интерференция әдетте үстем тілдің екінші тілге әсері ретінде көрінеді, ал интеркаляция екінші тілдің бірінші тілге кері әсерінен туындайтын нормадан ауытқу деп саналады. Мақалада қазақ тілінде орыс тілінен енген морфологиялық қосымшалар мен олардың күнделікті сөйлеудегі қолданылуы мысалдар арқылы көрсетілген. Бұл құбылыс тілдің табиғи құрылымына әсер етіп, тіл мәдениетінің өзгеруін тудырады. Мақала екі тілдің ұзақ уақыттық ықпалының нәтижесінде морфологиялық құрылымдағы өзгерістерді талдайды.