Search Results

Now showing 1 - 2 of 2
  • ItemOpen Access
    «БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ДАМУЫ» МӘСЕЛЕРІ (СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ДЕРЕКТЕРІ НЕГІЗІНДЕ)
    (Suleyman Demirel University, 2016) І. Әйтімбет; Л. Қасымова
    Мақалада СДУ студенттерінің білімалу, мамандықты игерумен қатар өмірдегі тіршіліктерінің көптеген маңызды қырлары социологиялық зерттеулер арқылы көпшіліктің назарына алғашқы рет ұсынылып отыр. Солардың ішінде оқу процесіндегі жəне де одан тыс студенттердің қоғамдық қатынастары, университеттің ұтымды құндылықтары, тұлғалық қасиеттерді дамытумен қатар ұжымдық, көпшіліктік қасиеттерді игеру мəселелері нақты деректер арқылы баяндалаып, талданады. Сонымен қатар кеңестік кезеңде мүлдем ескерілмейтін салалардың өмір аренасына шығып, тұтыным деңгейіне көтерілгенін осы сауалнама арқылы көріп отырмыз.
  • ItemOpen Access
    ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУ МӘСЕЛЕЛЕРІН «АСПАЛЫ КӨПІР» АЯСЫНДА ҚАРАСТЫРУ (СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ РЕФЛЕКЦИЯ)
    (Suleyman Demirel University, 2016) І. Әйтімбет; Л. Қасымова
    Мақалада нақты күнделікті тіршіліктегі бір жағдай аясында студенттердің құқықтық санасы мен іс-əрекеттерінің қалыптасу үрдісі социологиялық талдаудан өткізіледі. Құқықтық сананың қалыптасуының қазіргі кездегі нақты сипаты көрсетіліп, оның күрделілігі талданады жəне де көтерілген мəселелердің шешу жолдары ұсынылады. Мемлекет тұрғысынан жасалған іс-шаралар өте қажетті жəне де олсыз мəселелер толықтай шешімін таппайды, бірақта адамдардың сол мəселеге заңды тұлға, субъект ретінде қатыспайынша шешілген мəселе адамдарға сырттай тағылған əрекет ретінде ғана қабылданады. Мұндай жағдайда адамдардың іс-əрекеті сырт көзбен қарағанда заңды, құқықтық іс-əрекет боп көрінгенменде, шын мəнінде ол тек иммитация ғана болып келеді. Сондықтан да Аспалы көпір мəселесінде туындаған мəселелер адамдардың өздерінің тұрғыларынан оларды түсініп, саналы түрде тақылауға қатысып,өэдеріне деген жауапкершілікті алған кезде ғана іштей құқықтық сана деңгейіне көтеріледі.