Жоғары білім беруде юморды оқыту әдістемесі (Марат Қабанбайдың балаларға арналған шығармалары негізінде)
| dc.contributor.author | Базарбек А.Ж | |
| dc.date.accessioned | 2026-11-23T04:57:44Z | |
| dc.date.available | 2026-11-23T04:57:44Z | |
| dc.date.issued | 2026 | |
| dc.description.abstract | Зерттеу жұмысының тақырыбы: Жоғары білім беруде юморды оқыту əдістемесі (Марат Қабанбайдың балаларға арналған шығармалары негізінде) Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, тараушалардан, қорытынды, пайдаланған əдебиеттер тізімі мен қосышалардан тұрады. Зерттеу жұмысының көлемі: Зерттеу жұмысы 80 бет, 4 есте, 10 суреттен тұрады. Зерттеу барысында 51 əдебиет қаралды. Кілт сөздер: Қазақ əдебиеті, балалар əдебиеті, юмор, əдістеме, əдіс-тəсіл, Марат Қабанбай. Зерттеу жұмысының бірінші бөлімінде: Юмор феноменінің теориялықкатегориялық жүйесі жан-жақты қарастырылады. 1.1-тараушада əдебиеттану ғылымындағы юмор ұғымының мазмұны, оның зерттелу тарихы жəне негізгі теориялық тəсілдемелер сараланды. 1.2-тараушада қазақ балалар əдебиетіндегі юмордың қалыптасу кезеңдері мен даму жолдары тарихи-салыстырмалы тұрғыда талданды. 1.3-тараушада Марат Қабанбайдың балаларға арналған шығармаларындағы юмордың танымдық жəне тəрбиелік қызметі нақты мəтіндік талдау арқылы ашылып, оның оқырманның сын тұрғысынан ойлауын, тілдік сезімталдығын жəне эстетикалық қабылдауын дамытудағы маңызы теориялық тұрғыдан негізделді. Зерттеу жұмысының екінші бөлімінде: Жоғары білім беруде юморды оқытудың əдістемелік аспектілері зерделенеді. 2.1-тараушада юмор арқылы студенттердің зияткерлік əлеуеті мен шығармашылық қабілетін арттырудың психологиялық-педагогикалық негіздері қарастырылып, тиімді оқыту жолдары айқындалды. 2.2-тараушада М. Қабанбай шығармаларындағы юморды оқытуда қолданылатын интерактивті əдіс-тəсілдер жүйеленіп, олардың дидактикалық мүмкіндіктері практикалық тұрғыдан дəлелденді. 2.3-тараушада студенттерге юмордың əр түрін меңгертуге бағытталған тапсырмалар үлгісі əзірленіп, педагогикалық эксперимент нəтижелері талданды; эксперимент барысында алынған деректер ұсынылған тапсырмалар жүйесінің студенттердің мəтінді талдау жəне интерпретациялау дағдыларын тиімді дамытатынын растады. Зерттеу жұмысының қорытынды бөлімінде: Зерттеудің барлық теориялық жəне практикалық нəтижелері жинақталып, тұжырымдалды. Марат Қабанбайдың балаларға арналған шығармаларындағы юмор феномені қазақ балалар əдебиетіндегі өзіндік орны бар эстетикалық-педагогикалық құрал ретінде ғылыми тұрғыдан дəйектелді. «Балалар əдебиеті», «Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі» жəне «Əдебиет теориясы» пəндерінде тікелей пайдалануға болатын нақты əдістемелік ұсынымдар тұжырымдалды. Болашақ зерттеулер үшін жасанды интеллект технологияларын юморды оқыту үдерісіне интеграциялау перспективалы бағыт ретінде белгіленді. | |
| dc.identifier.citation | Базарбек А.Ж / Жоғары білім беруде юморды оқыту әдістемесі (Марат Қабанбайдың балаларға арналған шығармалары негізінде) / SDU University / 7M01701 - «Қазақ тілі және әдебиеті» білім беру бағдарламасы | |
| dc.identifier.uri | https://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/2713 | |
| dc.language.iso | en | |
| dc.publisher | SDU University | |
| dc.subject | Юмор арқылы студенттердің зияткерлік əлеуеті | |
| dc.subject | Марат Қабанбайдың балаларға арналған шығармаларындағы юмордың танымдық – тəрбиелік қызметі | |
| dc.title | Жоғары білім беруде юморды оқыту әдістемесі (Марат Қабанбайдың балаларға арналған шығармалары негізінде) | |
| dc.type | Thesis |
Files
License bundle
1 - 1 of 1
No Thumbnail Available
- Name:
- license.txt
- Size:
- 12.6 KB
- Format:
- Item-specific license agreed to upon submission
- Description: