Студенттердің прагматикалық құзыреттілігін дамыту əдістемесі (етістіктердің аналитикалық форманттары негізінде)

dc.contributor.authorШакенова М.
dc.date.accessioned2026-04-10T06:16:39Z
dc.date.available2026-04-10T06:16:39Z
dc.date.issued2025
dc.description.abstractБүгінгі таңда кез келген грамматикалық құрылымды тек дəстүрлі форматта оқыту тілдің жұмсалымдық қырын толыққанды ашып беріп, сөйлеу деңгейіне жеткізе алмайды. Сол себепті құрылымды грамматикамен қоса, сөйлесімге (речь) негізделген жұмсалымды грамматиканы біріктіре отырып, студенттің прагматикалық құзыреттілігін қалыптастыруға болады. Біздің алып отырған нысанымыз – етістіктің аналитикалық форманты – сөйлеу кезінде таныла түсетін əрі көп қырлы мағынасы ашыла түсетін тілдік бірлік. Бұл тілдің аспектісі құрылымды грамматикада жеке тұрғанда бірнеше мағынаға ие болуы мүмкін. Біздің мақсат – студентке бірнеше мағынасы мен қолдану аясы кең етістіктің аналитикалық формантын сөйлесім кезінде біреуін алып, жүйелі əрі айтушының мақсатына сай қолдануға үйрету; сол арқылы студенттің прагматикалық құзыреттілігін қалыптастыру. Бұл қолдануға үйрету барысында біз студенттерді мəтінмен жұмыс жасауға дағдыландырамыз. Өйткені бір аналитикалық форманттың беретін мағынасы бір сөйлем емес, мəнмəтін көлемінде ашылады. Соның негізінде мəтінмен жұмыс жасау барысында тек аналитикалық форманттың беретін мағынасын ғана танып қоймай, адресанттың жеткізер ойын, автордың түрлі тілдік бірліктер арқылы сыртқы жəне ішкі прагматикасын анықтауға жұмыс жасалады. Яғни белгілі бір грамматикалық тұлғаның (біздің жағдайымызда етістіктің аналитикалық форманты) қолданылуындағы уəж анықталады. Мəтінмен жұмыс жасау барысында сатылай оқыту жəне тапсырмаға бағытталған əдіс-тəсілдер қолданылады. Бұл əдістердің артықшылығы – аналитикалық формант туралы жүйелі білімнің берілуі мен мəтін арқылы оның мағыналық қырының танылуы. Тапсырмаға бағытталған оқыту тек мəтіндегі негізгі ой мен автордың прагматикасын анықтаудан тұрмайды. Ол тілдің ішкі жүйесін де тануға бағытталған. Мəселен, етістіктің аналитикалық форматының жасалуын білу үшін теориялық білім қажет. Əрі мəтінмен не мəнмəтінмен жұмыс жасау барысында студент автордың жеткізер ойын ғана тану арқылы өзінің де прагматикалық құзыреттілігін дамыта түспек. Жұмыс барысында студенттің прагматикалық құзыреттілігін дамытудың жолдары етістіктің аналитикалық формантын оқыту негізінде жан-жақты қарастырылады
dc.identifier.citationШакенова М / Студенттердің прагматикалық құзыреттілігін дамыту əдістемесі (етістіктердің аналитикалық форманттары негізінде) / SDU University / ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ ТІЛДІК БІЛІМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ
dc.identifier.urihttps://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/2609
dc.language.isoother
dc.publisherSDU University
dc.subjectЕтістіктердің аналитикалық форманттары
dc.subjectТілдік тұлғаның прагматикалық құзыреттілігі
dc.subjectЕАФ-ын оқытуда қолданылатын əдістер мен тəсілдер
dc.titleСтуденттердің прагматикалық құзыреттілігін дамыту əдістемесі (етістіктердің аналитикалық форманттары негізінде)
dc.typeThesis

Files

Original bundle
Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
Шакенова Меруерт.pdf
Size:
13.02 MB
Format:
Adobe Portable Document Format
License bundle
Now showing 1 - 1 of 1
No Thumbnail Available
Name:
license.txt
Size:
12.6 KB
Format:
Item-specific license agreed to upon submission
Description:

Collections