ӘЛІШЕР НАУАЙДЫҢ ӨМІРІ МЕН ПОЭТИКАЛЫҚ ӘЛЕМІ

Loading...
Thumbnail Image

Date

2012

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Suleyman Demirel University

Abstract

ХѴ ғасырда Хорасанның астанасы Герат қаласы білім мен ғылымның, әдебиет пен мәдениеттің ордасы болды. Сол кезеңде Хорасанды билеуші Шаһрохтың өзі де әдебиет мен мәдениетті жанындай сүйді. Ол Герат қаласына көптеген әйгілі тарихшылар мен әдебиеттанушыларды, жағрафия танушылар мен суретшілерді тартты. Сол кезде қаланың басты құндылықтарының бірі Герат кітапханасы еді. Мұнда ғалымдардың жетекшілігімен көшірмемен айналысатын каллиграфтар, кітап қаттаушылар, мүсінші-суретшілер еңбек етті. Сонымен қатар сирек қолжазбалар мәтіні жинақталып, олардың көшірмелері жасалды. Бұл кітапханада әлемге әйгілі Фирдаусидің «Шаһнаме» шығармасының мәтіні дайындалды. Шаһрох Қытай мен Үндістанмен сауда-саттық, мәдени қарым-қатынасты нығайту мақсатында елшілік-саяхаттарын ұйымдастырды. Осы елшіліктің делегация құрамында ежелгі Қытай мемлекетінің мәдени өмірін сипаттап, насихаттай білген суретші Әлішер Науаидың әкесі Ғияседдин де болды.

Description

Keywords

әлішер науаи, мәдениет пен әдебиет, шығыс мәдениеті, шаһнаме

Citation

Әкімбаева И.А / ӘЛІШЕР НАУАЙДЫҢ ӨМІРІ МЕН ПОЭТИКАЛЫҚ ӘЛЕМІ / 5th International Conference, Building Cultural Bridges: Integrating Languages, Linguistics, Literature, Translation and Journalism into Education /ISBN: 9965-792-05-4, Suleyman Demirel University, 2012 pgs 357-360