СҮЛЕЙМЕН БАҚЫРҒАНИ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ СОПЫЛЫҚ ІЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ АТАУЛАРДЫҢ СЕМАНТИКАСЫ ЖӘНЕ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Loading...
Thumbnail Image

Date

2016

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Suleyman Demirel University

Abstract

Мақалада сопылық əдебиеттің ірі өкілі Сүлеймен Бақырғани шығармаларында кездесетін діни терминдердің семантикасы мен когнициясы қарастырылады. Теонимдердің дербес семантикасы, контекстегі мағынасы жəне қазіргі сөзжұмсамда алатын орны сияқты мəселелер талданады. Хəкім Ата шығармалары арқылы, оның дүниетанымы, тариқаты, діни жолы жəне т.б. аспектілер зерттеуге алынған. Бақырғани хикметтеріндегі жиі қолданатын сөздердің ішінде когнитивтік модельдер көрсетіліп, ядросы мен перефириясы анықталды. Бұл зерттеулер нəтижесінде Хəкім Атаның тілдік тұлғасының вербалды- семантикалық деңгейінде шығармаларындағы діни терминдердің қолданылу ерекшеліктерін сипаттайтын сөздерге назар аударылып, олардың семантикалық мағыналары танымдық негізде айқындалады. Зерттеу жұмысында сопылық əдебиетінің жауһары болған Хəкім Атаның есімі жəне əдеби мұралары қазіргі қоғамға қаншалықты дəрежеде таныс екенін айқындау үшін, арнайы сауалнама жүргізілді. Эксперимент нəтижесі, оның пайыздық көрсеткіші зерттеу жұмысында көрсетілген.

Description

Keywords

Мүрит, шарап, тариқат, жəһил, ерік иесі, Аллаһ нұры, қараңғылық, Вестник СДУ/ СДУ хабаршысы

Citation

СҮЛЕЙМЕН БАҚЫРҒАНИ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ СОПЫЛЫҚ ІЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ АТАУЛАРДЫҢ СЕМАНТИКАСЫ ЖӘНЕ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Адилов Руслан Рашитұлы. Вестник СДУ - 2016