Қазақ тілін сандық ресурстар арқылы оқытудың тиімді әдістері

dc.contributor.authorКасимова А.Д.
dc.date.accessioned2024-09-10T04:36:13Z
dc.date.available2024-09-10T04:36:13Z
dc.date.issued2022
dc.description.abstractДиссертация жұмысының тақырыбы: Қазақ тілін сандық ресурстар арқылы оқытудың тиімді әдістері. Жұмыстың құрылымы: Нормативтік сілтемелер, анықтамалық көрсеткіш, белгілеулер мен қысқартулар, кіріспе, 2 тараудан, 3 тараушадан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 105 бет, 3 кесте, 80 сурет, зерттеу барысында 48 әдебиет қаралды. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде: Білім берудегі сандық ресурстар және олардың зерттелуі туралы ғалымдар еңбегіндегі теориялық мәселелерге шолу жасалынды. Оқу-тәрбие үдерісінде сандық ресурстарды қолданудың психологиялық-педагогикалық негіздері жайлы мәселелер қарастырылды. Ақпараттық коммуникациялық технологияны қолданудың ұстанымдары іріктелінді. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде: Қазақ тілін оқытуда қолданылатын тиімді сандық бағдарламалар ерекшеліктері және оларды қолдану жолдары көрсетілді. Сандық бағдарламалар арқылы оқытуда түсіндірме иллюстрациялық әдіс, зерттеу және іздеу әдісі, оқушылардың білімі мен дағдыларын бақылау мен түзету әдісі, рефлексия әдісін негізге алып, цифрлық бағдарламалар арқылы оқыту тапсырмалары жасалынды. 8-сынып қазақ тілі пәнін оқытуда, оқу мақсаттарын негізге ала отырып, сандық ресурстар арқылы оқыту тапсырмалары әзірленді. Қазақ тілін сандық ресурстар арқылы оқытудың эксперименттік нәтижелеріне талдау жұмыстары жүргізілді. Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде: Жалпы білім беретін мектепте 8 сынып қазақ тілін оқытуда оқушының ақпараттық мәдениетін қалыптастыру үшін жасалған тәжірибенің нәтижесінде оқушылар қоғамдағы ақпараттың рөлі мен мән мағынасын, ақпараттық технологиялардың маңызын түсінді, бағдарламалардың қызметін, және оларды дұрыс қолдана білу амалдарын үйренді және де ақпараттық мәдениетті енгізу мақсатына бағытталған түрлі деңгейдегі тапсырмаларды шешу қабілетіне ие болды. Сараланған әдістер негізінде құрылған тапсырмалар білім алушылардың лексика-грамматикалық білімі мен тілдік төрт дағдыларын (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым) қалыптастыруда маңызды орын алатындығы көрсетілді.
dc.identifier.citationКасимова А.Д./Қазақ тілін сандық ресурстар арқылы оқытудың тиімді әдістері /Қазақ тілі және әдебиеті, Қаскелең-2022
dc.identifier.urihttps://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/1483
dc.language.isoother
dc.subjectақпараттық технология
dc.subjectсандық технология
dc.subjectцифрлық ресурстар
dc.titleҚазақ тілін сандық ресурстар арқылы оқытудың тиімді әдістері
dc.typeOther

Files

Original bundle
Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
Касимова Ару.pdf
Size:
18.76 MB
Format:
Adobe Portable Document Format
License bundle
Now showing 1 - 1 of 1
No Thumbnail Available
Name:
license.txt
Size:
12.6 KB
Format:
Item-specific license agreed to upon submission
Description:

Collections