Конверциялық сөзжасам тәсілінің қазақ және моңғол тілдеріндегі көрінісі

Loading...
Thumbnail Image

Date

2013

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Suleyman Demirel University

Abstract

Мақалада сөздің ешқандай тұлғалық өзгеріске түспей-ақ, мағыналық даму нәтижесінде екіншілік мағына беруін қамтамасыз ететін сөзжасамның конверсиялық тәсілі қарастырылған. Бұл тәсілге байланысты жарық көрген ғылыми еңбектерге шолу жасалып, транспозициялық тәсіл, трансформациялық тәсіл, конверсиялық тәсіл деген әртүрлі терминдердің қолданылуын, бірізділіктің жоқтығын ескерткен. Н.Оралбаева, А.Салқынбай, С.Исаев, А.Ысқақов сынды ғалымдардың пікірлері талданып, конверсиялық тәсілде сөздер тұлғалық өзгеріске түспей, әр түрлі мағына бергенімен, олардың арасындағы семантикалық байланыс сақталатындығын тілге тиек еткен. Қазақ және моңғол тілдеріндегі субстантивтену салыстыра сараланған. Конверсияның көне тәсіл екендігі ескертіліп, екі тілдің арасындағы генетикалық байланыс нақты мысалдармен дәлелденген. Тілдік тұлғаларды тереңірек үңіле зерттеу нәтижесінде синкретизм деп жүрген тұлғалардың конверсияланған туынды сөздер екендігін дәлелдеуге болатындығы айтылған.

Description

Keywords

Семантикалық тәсіл, транспозициялық тәсіл, конверсия, этимон түбір, синкретизм, омоним, сөзжасам

Citation

Конверциялық сөзжасам тәсілінің қазақ және моңғол тілдеріндегі көрінісі, Хасен Бота, аға оқытушы, 2013