ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫНЫҢ ШЕТЕЛДІК МЕДИАДАҒЫ РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ

Loading...
Thumbnail Image

Date

2026

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

SDU University

Abstract

Осы магистрлік диссертация 2022 жылғы Қаңтар оқиғасының шетелдік медиадағы репрезентациясын зерттеуге арналған. Зерттеудің негізгі мақсаты – алты жетекші халықаралық басылымда (The New York Times, The Washington Post, Financial Times, The Economist, Eurasianet жəне The Diplomat) Қазақстандағы қаңтар оқиғасының қалай интерпретацияланғанын, қандай фреймдер арқылы ұсынылғанын анықтау болды. Зерттеу медиа репрезентация жəне фрейминг теорияларына негізделді. Теориялық негіз ретінде Robert Entman’ның фрейминг моделі, Stuart Hall’дың репрезентация теориясы, сондай-ақ Snow мен Benford’тың əлеуметтік қозғалыстар фреймингі жөніндегі еңбектері пайдаланылды. Зерттеу барысында сапалық контент-анализ жəне фреймдік талдау əдістері қолданылып, деректерді өңдеуде MAXQDA бағдарламасы пайдаланылды. Талдау нəтижесінде жеті негізгі интерпретациялық фрейм анықталды: наразылықтың легитимділігі, шетелдік ықпал мен геосаясат, əлеуметтік-экономикалық себептер, мемлекеттік легитимділік пен басқару, элиталар арасындағы билік күресі, хаос пен тұрақсыздық, қауіпсіздік пен зорлық-зомбылық. Зерттеу нəтижелері халықаралық медиада Қаңтар оқиғасының бейтарап емес, керісінше бір-бірімен бəсекелес интерпретациялар арқылы ұсынылғанын көрсетті. Мемлекеттік легитимділік, қауіпсіздік жəне геосаяси фреймдер доминант орын алса, наразылықтың легитимділігі мен əлеуметтік-экономикалық себептер салыстырмалы түрде маргинализацияланды. Сонымен қатар, фреймдердің уақыт өте трансформацияланатыны – бастапқыда экономикалық себептерге негізделген интерпретацияның кейін қауіпсіздік нарративіне ауысқаны да анықталды. Зерттеу медианың тек ақпарат жеткізуші ғана емес, шындықты белсенді түрде қалыптастырушы институт екенін дəлелдейді. Алынған нəтижелер журналистика, медиазерттеулер жəне Қазақстанның халықаралық коммуникациялық саясаты салаларында практикалық маңызға ие.

Description

Keywords

Қаңтар оқиғасы, медиа репрезентация, фрейминг теориясы, халықаралық медиа

Citation

Өскен Д.Т / ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫНЫҢ ШЕТЕЛДІК МЕДИАДАҒЫ РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ / SDU University / 7M03201 – «Медиа зерттеулері жəне журналистика»

Collections