ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ БЕДЕЛДІ МЕНЕДЖМЕНТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БЕДЕЛДІҢ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАҢДАУЫНА ӘСЕРІ

Loading...
Thumbnail Image

Date

2023

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

СДУ хабаршысы - 2023

Abstract

Андатпа. Беделді басқара білу ұйымның дамуына, соның ішінде университеттерге де әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дегенмен, бүгінгі таңда, цифрлық әлем қарқынды түрде кеңейіп, оң беделді қалыптастыруда негізгі орынды дерлік ала бастаған кезде, интернет кеңістігінде имиджді сақтауға айтарлықтай мән беру қажет. Сондықтан, бұл мақаланың мақсаты - болашақ студенттердің қызығушылықтары мен қалауларын ескере отырып, университеттің цифрлық ортада өзінің беделін қалай сақтау керектігін зерттеу. Өйткені жоғары білім беру ортасында бәсекелестіктің артуы жағдайында қолайлы имиджді қалыптастыру және үздік студенттерді қабылдау үшін маркетингтік стратегияны нақты құру қажет. Зерттеу көрсеткендей, болашақ студенттердің 55% интернетте күн сайын 5 сағатқа жуық уақытын өткізеді. Олар әлеуметтік желілерде, атап айтқанда Instagram, TikTok-та көбірек уақыт өткізеді және ақпаратты сол көздер арқылы алуды қалайды. Сондай-ақ, негізінен 11-сынып оқушылары жоғары оқу орындарын таңдамас бұрын осы сайттарға кіріп, қорытынды жасайтыны анықталды. Университеттің зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, олардың қызметінің көптеген аспектілеріне әлеуметтік желілерді енгізу және дамыту, сонымен қатар олардың веб-сайттарын жақсарту және жеңілдету қажет

Description

Keywords

университет, цифрлық кеңістік беделі, студенттер, әлеуметтік әлем, веб-сайттар, маркетинг, СДУ хабаршысы - 2023, №1

Citation

Nigimanova Aigerim / ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ БЕДЕЛДІ МЕНЕДЖМЕНТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БЕДЕЛДІҢ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАҢДАУЫНА ӘСЕРІ / СДУ хабаршысы - 2023