АҚЫЛБАЙ АБАЙҰЛЫ, МАҒАУИЯ АБАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Loading...
Thumbnail Image

Date

2016

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Suleyman Demirel University

Abstract

Хакім Абайдың ақын шəкірттерінің əдеби мұралары – жаңа реалистік əдебиет көрсеткіштері. Оның ішінде əлем əдебиеті деңгейінде танылғандары əуелі аталады. Ақылбай Абайұлы (1861–1904) шығармалары. Ақылбай – Абайдың өзінің баласы. Абайдың алғашқы əйелі – Ділдəдан, əкесінің он алты жасында туған. Алғашқы балалық шағын жəне жігіттікке жеткен кезін Ақылбай өз əкесінің үйінде өткізбейді. Үлкен əкесі – Құнанбайдың кенже баласы атанып, оның төртінші, əйелі, ең соңғы тоқалы – Нұрғанымның қолында өседі.Ақылбайдың əдеби мұрасы – Абай дəстүрінің көрнекті көрсеткіші. Мағауия Абайұлы (1870–1904) шығармалары. Мағауия – Абайдың жиырма бес жасында, Ділдəдан туған кенже баласы. Жас шағында Абай бұны, ауылда мұсылманша аз оқытқаннан кейін қалаға апарып, Семейдегі Городское училище дейтін орысша мектепке түсіреді. Әкесінің ақындық еңбегін аса қадірлеп, жақсы білген, ұғынған Мағауия өзі де Ақылбай, Көкпай сияқты ақындық еңбекке беріледі. Бұның жазған ұсақ өлеңдері Әбдірахманның науқасына байланысты көңіл-шері есебінде, өз орталарына аса мəлім болады. Сонымен қатар Мағауия Абайдың мəслихатымен жəне материал беруімен пайдаланып, бірнеше поэма жазады. Ол жазған поэмалар: «Еңлік–Кебек», «Абылай» жəне «Медғат–Қасым».

Description

Keywords

Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы, Абай Құнанбайұлы, ақындық өнер

Citation

АҚЫЛБАЙ АБАЙҰЛЫ, МАҒАУИЯ АБАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, Утеген Жанна, Филология мамандығы 4 курс студенті, 2016