Түрік тілін оқытудың тиімді жолдары
Loading...
Date
2011
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Suleyman Demirel University
Abstract
Бұл мақалада түрік тілін шет тілі ретінде оқытудың тиімді жолдары қарастырылады. Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени және білім саласындағы байланыстардың нығаюы нәтижесінде түрік тілін оқыту жүйесі кеңінен дамып келеді. Тілді меңгертуде сөйлеу әрекеттерінің (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым және тілдесім) біртұтас жүйеде қолданылуының маңызы зор екендігі айтылады. Сонымен қатар, тіл үйретудің тиімді әдістері ретінде қарапайымнан күрделіге қарай оқыту, Конфуцийдің тәжірибеге негізделген ұстанымдары және интербелсенді оқыту қағидалары ұсынылады. Мақалада тіл үйренушінің белсенді әрекетке қатысуы, оқу үдерісін өмірмен байланыстыру және білімді практикалық тұрғыда қолдануға бағыттау мәселелері талданады.
Description
Keywords
түрік тілі, шет тілі ретінде оқыту, сөйлеу әрекеттері, оқыту қағидалары, тіл үйрету жүйесі, тиімді әдістер
Citation
Абуова Ақжарқын / Түрік тілін оқытудың тиімді жолдары / "Мәдениеттер тоғысындағы тіл, әдебиет және аударма мәселелері " атты халықаралық ғылыми- практикалық конференция материалдары, ISBN: 9965-792-05-4, Сулейман Демирел атындағы Университет , 472-477 бет.