ТІЛ ҚАҚТЫҒЫСТАРЫ-ЛИНГВОКРИМИНАЛИСТИКАНЫҢ ЗЕРТТЕУ ПӘН

Loading...
Thumbnail Image

Date

2020

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

СДУ хабаршысы - 2020

Abstract

Аңдатпа. Бұл мақалада қазіргі таңда жаңадан дамып келе жатқан сала «лингвокриминалистика» туралы ақпарат берілген. Бұл саланың зерттеу обьектісі мен сараптама жасау үлгілері жайлы айтылған. Қазіргі кезде орыс және қазақ тілдеріндегі мәтіндер қылмысты ашуға және тергеу жүргізуге немесе азаматтық дауларды шешу үшін қажетті дәлел ретінде алға тартылатын көп істер қазақстандық соттарда қаралып жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдары кейде шындыққа сәйкес келмейтін, азаматтардың ар-намысына тиетін ақпаратты таратып жатады. Тағы бір жағдайларда журналистерге осындай кінә тағып, оларды орынсыз айыптайды. Жосықсыз жарнамаға, бәсекелестікке қатысты істерде, патент төңірегінде туындаған дауларда да ауызша жасалған құқық бұзушылықтар орын алып жатады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай істерді қарағанда көптеген фактілерді анықтау үшін филологиялық мәтінтану, қолданбалы лингвистика, қолданбалы сөйлеу т.б. салалардағы арнайы білімді қолдануды қажет етеді. Филология саласында арнайы (сараптамалық) білімдер – осы критерийлердің негізінде дау тудырған мәтінді жан-жақты және терең талдау үшін қажет.

Description

Keywords

лингвокриминалистика, филологиялық мәтінтану, қолданбалы лингвистика, СДУ хабаршысы - 2020, №1

Citation

А.Т. Ратбекова / ТІЛ ҚАҚТЫҒЫСТАРЫ-ЛИНГВОКРИМИНАЛИСТИКАНЫҢ ЗЕРТТЕУ ПӘНІ / СДУ хабаршысы - 2020