О. БӨКЕЙДІҢ «САЙТАН КӨПІР» ПОВЕСІНДЕГІ ТҮРКІЛІК МИФОЛОГИЯ КӨРІНІСТЕРІ

Loading...
Thumbnail Image

Date

2017

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Suleyman Demirel University

Abstract

Миф – сөз құдіретіне ие болған тұлғаның тарихы деп қарасақ, осы мәдени тұлғаның рухани-шығармашылық қазынасын құрастыратын тылсымның құрылымдық бөлімдерін архетиптер деп атайды. «Архетип» атауын енгізген К. Г. Юнг пікірі осыған келіп саяды. Мәдениеттанушылар әрбір халық мәдениетін еркін дамытуға мүмкіндік алған кезде архетиптеріне жиі оралатынын ерекше атап өтеді. Осы тұжырым аясында О. Бөкейдегі мифтік таным көріністері алып қарасақ, көне сенімге табан тірей отырып, ұлттық болмыс пен рухтың белсенділігін арттыруды мақсат еткен қаламгер идеясын тани аламыз. О. Бөкей аңыздық проза үлгілерін пайдалануда да өзіндік жаңалығымен келген қаламгер. Әсіресе, «Сайтан көпір», «Қар қызы», «Атау кере» повестеріндегі жұмбақ сырлы аңыздық мифтік мотивтер шығарманың әлеуметтік мәнін тереңдетіп тұр. Жазушы бүгінгі замандас бейнесін қалыптастыруда аңыздың тылсымдық құдіреттілігіне баса назар аударады. Адам әлемін, оның рухани болмысын көркемдік шындықпен танытуда түрлі мазмұндық-формалық әдеби тәсілдерге барады. О. Бөкейдің кейіпкерлері алған бағытынан қайтпайтын, қандай қысталаң халде де елдің рухын сақтап қалатын ерлер бейнесі. Адам психологиясының нәзік иірімдерін тап баса білетін суреткер, сана ағымындағы жай көзге көріне бермейтін ішкі рухани толғаныстарды психологиялық дәлдікпен аңыздық арнада жеткізе білген. О. Бөкей – заманына сай қоғамдық болмыстың дүниетанымын көркемдік тәсілмен бейнелеп, өзіндік өрнегімен танылған қаламгер. О. Бөкей шығармашылығы көне танымдардан нәр ала отырып, тың ізденістермен байыған, бұл тарапта мифопоэтиканың сан қырлы көркемдік қызметінің маңызды орын алғаны анық. Бұл мақалада ұлттық әдебиеттанудағы мифтік танымның қызметін жан-жақты көрсетіп, көркемдік тәсіл ретіндегі маңызын айқындай түсуді мақсат еттік. Мифтік желілер О. Бөкей прозасына тән бе, олай болмағанда жазушы аңыздық үлгілерді өз шығармасына арқау еткенде нені мақсат етті деген сауалдарға жауап беру үшін салыстыру, талдау негізінде ой қорыттық.

Description

Keywords

Миф, архетип, метаморфоздар, табиғат, дух, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 - жылдығы мен Сулейман Демирел атындағы университетінің 20 - жылдығына арналған "Білім және ғылым саласындағы инновациялар" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция II том

Citation

О. БӨКЕЙДІҢ «САЙТАН КӨПІР» ПОВЕСІНДЕГІ ТҮРКІЛІК МИФОЛОГИЯ КӨРІНІСТЕРІ / Ғ.Н. Отарбаева / СДУ хабаршысы - 2017