ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНДАҒЫ ТАБИҒИ АПАТТЫҢ КӨРІНІСІ. 2024 ЖЫЛҒЫ БАТЫС ӨҢІРЛЕРІНДЕГІ СУ ТАСҚЫНЫ МЫСАЛЫНДА

dc.contributor.authorОралбек А.Қ
dc.date.accessioned2026-09-04T04:53:19Z
dc.date.available2026-09-04T04:53:19Z
dc.date.issued2026
dc.description.abstractЖасанды интеллект технологияларының медиа саласына қарқынды енуі жаңалық өндіру, өңдеу жəне тарату үдерістерін түбегейлі өзгертіп жатыр. Əсіресе, жаңалық жазуда жасанды интеллект құралдарын пайдалану редакция жұмысының тиімділігін арттырғанымен, журналистік этика, кəсіби жауапкершілік жəне қоғамдық сенім мəселелерін қатар алға шығарды. Осыған байланысты зерттеу жұмысы жаңалық жазуда жасанды интеллект қолданудың этикалық аспектілерін талдауға арналған. Зерттеу жұмысы əлеуметтік жауапкершілік теориясы аясында жүзеге асырылады. Журналистика қоғам алдындағы міндеттері мен медиа институттардың этикалық жауапкершілігі тұрғысынан қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – халықаралық танымал редакциялардың жасанды интеллектті қолдануға қатысты этикалық құжаттарын салыстырмалы контент-анализ əдісі арқылы зерделеп, ортақ ұстанымдары мен ерекшеліктерін анықтау. Зерттеу нысаны ретінде Associated Press, The Washington Post, The New York Times, Reuters, BBC жəне Financial Times редакцияларының жасанды интеллектке қатысты редакциялық қағидаттары мен этикалық нұсқаулықтары алынды. Сонымен қатар зерттеудің өзектілігі Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын құқықтық жəне институционалды тұрғыдан реттеу мəселелерінің күн тəртібіне шығуымен де байланысты. Соңғы жылдары халықаралық медиа ұйымдар жасанды интеллектті қолдануға қатысты арнайы редакциялық нұсқаулықтар қабылдап, контентті белгілеу, адам бақылауын сақтау жəне аудитория алдындағы ашықтық қағидаттарын күшейте бастады. Мұндай тəжірибелерді зерттеу отандық медиа кеңістікте жасанды интеллектті жауапты қолдану мəдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында генеративті жасанды интеллект қолданудағы негізгі этикалық мəселелер, атап айтқанда, ақпараттың дəлдігі мен шынайылығы, авторлық құқық, алгоритмдік бейтараптық жəне жауапкершілік мəселелері талданады. Контент-анализ нəтижесінде халықаралық редакциялардағы этикалық тəсілдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары айқындалып, олардың əлеуметтік жауапкершілік қағидаттарымен сабақтастығы бағаланады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы халықаралық жетекші редакциялардың жасанды интеллектке қатысты этикалық құжаттарын əлеуметтік жауапкершілік теориясы негізінде салыстырмалы талдауында көрінеді. Зерттеу нəтижелері журналистикадағы жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен шектеулерін айқындауға, кəсіби этика талаптарының трансформациясын бағалауға жəне медиа ұйымдарға арналған практикалық ұсынымдар əзірлеуге негіз болады. Сондай-ақ жұмыс жасанды интеллект дəуіріндегі журналистиканың қоғамдық миссиясы мен редакциялық жауапкершілігінің маңызын көрсету арқылы осы бағыттағы ғылыми зерттеулерді толықтыруға үлес қосады.
dc.identifier.citationОралбек А.Қ / ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНДАҒЫ ТАБИҒИ АПАТТЫҢ КӨРІНІСІ. 2024 ЖЫЛҒЫ БАТЫС ӨҢІРЛЕРІНДЕГІ СУ ТАСҚЫНЫ МЫСАЛЫНДА / SDU University / 7M03201 – «Медиа зерттеулері және журналистика»
dc.identifier.urihttps://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/2637
dc.language.isoother
dc.publisherSDU University
dc.subjectЭтикалық кодекстер
dc.subjectЖИ қолданудың этикалық аспектілері
dc.subjectЖИ қолдану түрлері
dc.titleҚАЗАҚСТАНДЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНДАҒЫ ТАБИҒИ АПАТТЫҢ КӨРІНІСІ. 2024 ЖЫЛҒЫ БАТЫС ӨҢІРЛЕРІНДЕГІ СУ ТАСҚЫНЫ МЫСАЛЫНДА
dc.typeThesis

Files

Original bundle
Now showing 1 - 1 of 1
No Thumbnail Available
Name:
3. Қайратова_Н_Әлеуметтіқ ғылымдар, Бизнес ж_е Құқық_2026.pdf
Size:
1.66 MB
Format:
Adobe Portable Document Format

Collections