90-ЖЫЛДАРДАҒЫ ПЬЕСАЛЫҚ ТУЫНДЫЛАРҒА ШОЛУ
Loading...
Date
2012
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Suleyman Demirel University
Abstract
Қазақ елі тәуелсіздігіміздің көк байрағы желбіреп егемен ел болған кезеңде ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетімізге жаңа туындылардың лек-легімен қосылғаны баршамызға аян. Бұл елдігіміз бен ерлігімізді жариялайтын ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртқан, ұлтымыЗДЫ еркіндікке бағыттайтын төл туындылар болып табылады. 1996 жылы жазылған ақын-драматург Иран-Ғайыптың «Естайдың Қорланы» шығарма желісі егемен еліміздің ертеңгі болашағы жастарымызға беретін тәлім- тәрбиесі мол. Себебі қазіргі қоғамда баршаға аян жастар махаббатты жеңіл үйреншікті әдетке айналдырған. Махаббаттың бастауы- саналы ізгілік пен тазалық екеніне жіті мән бермейді. Қоғамда көкек аналар мен тастанды балалардың орын алуы осының айғағы. Елдігіміз бен салт-санамызды жаңғыртатын мұндай шығармалар жаңа буын өкілдеріне керек-ақ. Пьеса желісіне тоқталар болсақ: бірін-бірі сүйген екі ғашық, бір-біріне айрылыспаймыз деп серт беріп тағдырдың маңдайға жазуымен екеуі екі жаққа бөлініп кете барады.
Description
Keywords
тәуелсіздік дәуірі әдебиеті, лирикалық драматургия, қазақ поэзиясы мен драмасы, 90-жылдардағы қазақ драматургиясы
Citation
Абжалова А. / 90-ЖЫЛДАРДАҒЫ ПЬЕСАЛЫҚ ТУЫНДЫЛАРҒА ШОЛУ / 5th International Conference, Building Cultural Bridges: Integrating Languages, Linguistics, Literature, Translation and Journalism into Education /ISBN: 9965-792-05-4, Suleyman Demirel University, 2012 pgs 379 -381