КЕШЕНДІ ТҮСІНІК БЕРУ АРҚЫЛЫ АЙТЫСТЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Loading...
Date
2018
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
СДУ хабаршысы - 2018
Abstract
Андатпа. Бүгінгі жастар мен болашақ ұрпаққа қазақтың төл өнері
айтысты таза, мінсіз қалпында мұра ету мәселесі бүгінгі күнде өзекті
болып отыр. Қазіргі айтыс өнерінің болашағы, оның қоғамдағы маңызы
мен әлеуметтік қызметі, өзіндік ерекшеліктері және айтысты оқытудың
әдіс-тәсілдері кеңінен қарастырылуда.
Мақала айтыс өнерін оқытуда қолданылатын оқыту әдістеріне
арналған. Айтысты тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланыла отырып оқыту -
ұлттық өнеріміздің маңыздылығын, күнделікті қолданысын, болашақта
қоғамдық сұранысын арттырады.
Мақалада бүгінгі жаңартылған мазмұнда білім беру бағдарламасы
бойынша 7-сыныптың «Қазақ әдебиеті» пәніне енгізілген «Сүйінбайдың
Қатағанмен айтысын» оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер жайлы
айтылады. Кешенді түсінік беру арқылы оқытудың түрлері аталады.
Сонымен қоса кешенді түсінік бере отырып оқыту арқылы айтыстың
мазмұндық-мағыналық сипатын, тәрбиелік қызметін, тарихи-мәдени
құндылығын толық тануға мүмкіндік беретіні түсіндіріледі.
Description
Keywords
Citation
М.Е. Дайрабаева , Д. Ыскакулы / КЕШЕНДІ ТҮСІНІК БЕРУ АРҚЫЛЫ АЙТЫСТЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ / СДУ хабаршысы - 2018