Қаратөбе аудандық ауруханасы үлгісінде медициналық көмек сапасын жақсарту мақсатында кадрлық саясатты оңтайландыру

dc.contributor.authorМеңдіғалиев Е.Қ.
dc.date.accessioned2024-09-11T08:52:47Z
dc.date.available2024-09-11T08:52:47Z
dc.date.issued2024
dc.description.abstractМагистерлік жобада ұйымның кадр саясатын оңтайландырудың өзекті мәселелеріне баса назар аудара отырып, Қаратөбе ауданының тұрғындары үшін сапалы медициналық көмек көрсетудің маңыздылығы ашылды. Дәрігерлер және орта буынды медициналық персонал – бұл ұйымның жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ететін негізгі ресурстардың бірі, сонымен қатар сапалы медициналық көмек көрсету тұжырымдамасының маңызды элементі. Заманауи денсаулық сақтау саласында кадрлық ресурстарды тиімді басқару сапалы медициналық көмек көрсетуін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Зерттеуді жүргізу себептері қолданыстағы шектеулер мен кадрлық құрам жағдайында Қаратөбе ауданының тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасын арттыру қажеттілігінен туындады. Зерттеу мақсаты ауруханадағы медициналық көмектің сапасын арттыру үшін оңтайландырылған кадрлық саясат стратегияларын әзірлеу және енгізу болып табылады. Зерттеу әдістемесі кадр саясатының ағымдағы жағдайын талдауды, бар мәселелер мен өзекті ашық сұрақтарды зерттеуді және кадр басқарудың жаңа стратегияларын әзірлеу мен тиімділігін бағалауды қамтиды. Зерттеу деректерді талдау әдістерін, қызметкерлердің сауалнамаларын, сондай-ақ медициналық көмектің сапасы туралы құжаттар мен статистикалық деректерді талдау арқылы жүзеге асырылады. Зерттеу нәтижелері Қаратөбе аудандық ауруханасының кадр саясатындағы негізгі аспектілерді анықтауды, кадрлық басқарудың жаңа стратегияларын әзірлеуді және енгізуді қамтиды: орта медицина қызметкерлерін өз бетінше қабылдауды енгізу арқылы, босатылған дәрігерлік кадрларды қажетті бейінді мамандықтарға оқыту, сондай-ақ орындалатын жұмыс сапасының индикаторларына сәйкес сараланған төлемді енгізу арқылы олардың тиімділігі мен уәждемесін бағалау. Кадр саясатын оңтайландыру медициналық көмектің сапасын жақсартуға, қызметкерлер мен пациенттердің қанағаттанушылығын арттыруға, сондай-ақ жалпы аурухана жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.
dc.identifier.citationМеңдіғалиев Е.Қ./ Қаратөбе аудандық ауруханасы үлгісінде медициналық көмек сапасын жақсарту мақсатында кадрлық саясатты оңтайландыру/ Денсаулық сақтаудағы менеджмент/ Алматы-2024
dc.identifier.urihttps://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/1506
dc.language.isoother
dc.subjectбейінді маман
dc.subjectмедицина
dc.subjectденсаулық
dc.subjectmasters dissertation
dc.titleҚаратөбе аудандық ауруханасы үлгісінде медициналық көмек сапасын жақсарту мақсатында кадрлық саясатты оңтайландыру
dc.typeOther

Files

Original bundle
Now showing 1 - 1 of 1
No Thumbnail Available
Name:
Мендигалиев Е (EMBA).pdf
Size:
2.83 MB
Format:
Adobe Portable Document Format
License bundle
Now showing 1 - 1 of 1
No Thumbnail Available
Name:
license.txt
Size:
1.71 KB
Format:
Item-specific license agreed to upon submission
Description:

Collections