ТҰРАҚТЫ БИЗНЕС ОРТАДАҒЫ ТИІМДІ БРЕНД БАСҚАРУ
Loading...
Date
2018
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Қазақстан ғылымының дамуы мен келешегі жастар көзімен - 2018
Abstract
Бұл зерттеу экологиялық көзқарас жəне бренд хабардарлық экологиялық таза немесе жасыл өнімдерін пайдалануға сатып алушылардың адалдық əсерін талқылайды. Зерттеу 1.Қалай Экологиялық ортада бренд басқаруды дамытуды түсіну? 2. Экологиялық маркетинг менеджменттің маңыздылығы? деген сұрақтарға жауап табу мақсатында жүргізілді. Бұл зерттеуде, экологиялық тұрғы жəне бренд тану тəуелсіз айнымалылар болып табылады, жəне клиенттердің адалдығы - тəуелді айнымалы болып табылады. Сонымен қатар, клиенттердің адалдығы жəне жасыл көзқарастың арасындағы медиатор айнымалы - бренд хабардарлық болып саналады. Осы жұмысты талдау үшін сандық əдіс зерттеуі пайдаланылды, жəне де 70 адамнан сұхбат алынды.Қажетті деректерді жинау үшін, 4 бөлімнен тұратын сауалнама, пайдаланылды. Бірінші бөлім, жалпы сұрақтар жəне демографиялық мəселелер мен жасыл көзқарасқа байланысты сұрақтардан тұрса, екінші бөлімін, бренд хабардарлыққа байланысты сұрақтар қамтиды, төртінші бөлігіне клиенттедің адалдығына байланысты сұрақтар кіреді. Зерттеу барысында өзі сенімділігін, регрессиялық талдау жəне медиацияны талдау жұмыстары жүргізілді. Жұмысты зерттеу кезінде сауалнама сенімділігі Кронбах Альфаны есептеу арқылы бағаланды, жəне олардың барлығынын нəтижесі қолайлы нəтиже көрсетті. Зерттеу гипотезаны тексеру үшін регрессия есептеу тəсілі пайдаланылды, жəне нəтижелері клиенттердің адалдығына экологиялық көзқарас жəне бренд хабардарлық əсерін тигізетінін көрсетті. Осы екі тəуелсіз айнымалы арқасында компания клиенттердің адалдығына қол жеткізе алатындығын. Зерттеу нəтижесі экологиялық жолмен даму жайлы ойланып жүрген компаниялардың, осы екі тəуелсіз айнымалы арқасында клиенттердің адалдығына қол жеткізуге болатындығын көрсетті.
Description
Keywords
тұрақты брендті басқару, экологиялық таза өнімдер, жасыл брендтің ұстану, тұрақты бизнес, жасыл даму, тұтынушылардың адалдығы
Citation
Берденова А / ТҰРАҚТЫ БИЗНЕС ОРТАДАҒЫ ТИІМДІ БРЕНД БАСҚАРУ / Қазақстан ғылымының дамуы мен келешегі жастар көзімен - 2018