Жоғары білім беруде Алтын Орда дәуірінің әдеби мұраларын оқыту әдістемесі

dc.contributor.authorҚұдайқұл А.
dc.date.accessioned2026-04-08T05:14:09Z
dc.date.available2026-04-08T05:14:09Z
dc.date.issued2025
dc.description.abstractЗерттеу жұмысының бірінші бөлімінде XIV ғасырда қалыптасқан Алтын Орда дәуірі әдебиетінің тарихи-әдеби негіздері, діни-философиялық мазмұны, көркемдік ерекшеліктері және түркілік дүниетаныммен сабақтастығы жан-жақты қарастырылады. Рабғузидың «Қисса-сүл әнбия» және Сәйф Сараидың «Гүлстан бит-түрки» шығармаларының құрылымы, мазмұны, идеялық бағыттары мен тәрбиелік әлеуеті талданған. Бұл бөлімде әдеби мұраның студенттің рухани-этикалық дамуына ықпал ететін басты фактор екендігі дәлелденіп, зерттеу нысанының ғылыми маңыздылығы айқындалған. Сонымен қатар, әдебиеттанушы, тілші және педагогғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, әдеби мұраны қазіргі білім беру жүйесіне ендірудің теориялық алғышарттары негізделеді. Зерттеу жұмысының екінші бөлімінде Алтын Орда әдебиетін жоғары оқу орындарында оқытудың әдіснамалық бағыттары мен технологиялары ұсынылады. Сүлейман Демирел университетінің студенттерімен жүргізілген тәжірибелік сабақтар мен сауалнама нәтижелері негізінде тиімді әдістер мен оқыту модельдері іріктелген. Дидактикалық материалдарды қолдану, мәтінмен жұмыс істеу әдістері, тарихи-әдеби контексте шығармаларды меңгерту жолдары нақты мысалдармен көрсетілген. Сонымен қатар, студенттің қызығушылығын арттыруға, көркем мәтінді саналы түрде қабылдауға ықпал ететін әдістер жіктеліп, инновациялық технологиялардың артықшылықтары дәлелденген. Бұл тарау педагогикалық тәжірибе мен ғылыми теорияны сабақтастыра отырып, оқыту процесінің нәтижелілігін арттыруға бағытталған. Зерттеу жұмысының қорытынды бөлімінде зерттеу жұмысында алынған нәтижелер жүйеленіп, негізгі ғылыми тұжырымдар мен ұсыныстар берілген. Алтын Орда дәуірі әдебиетін жоғары білім беру жүйесінде оқытудың маңыздылығы нақты мысалдар мен тәжірибелік нәтижелер арқылы дәйектеліп, студенттердің діни-рухани танымын қалыптастырудағы рөлі көрсетіледі. Зерттеу барысында ұсынылған әдістемелік жүйе білім алушылардың әдеби-танымдық көкжиегін кеңейтумен қатар, ұлттық мәдениетке деген құрметті арттыратыны айқындалды. Қорытынды бөлімде жұмыс нәтижелерінің практикалық қолдану аясы мен болашақ зерттеулерге бағытталған ұсыныстар да қамтылған
dc.identifier.citationҚұдайқұл А / Жоғары білім беруде Алтын Орда дәуірінің әдеби мұраларын оқыту әдістемесі / SDU University / ПЕДAГОГИКA ЖӘНЕ ГУМAНИТAРЛЫҚ ҒЫЛЫМДAР ФAКУЛЬТЕТІ ТІЛДІК БІЛІМ БЕРУ КAФЕДРAСЫ
dc.identifier.urihttps://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/2588
dc.language.isoother
dc.publisherSDU University
dc.titleЖоғары білім беруде Алтын Орда дәуірінің әдеби мұраларын оқыту әдістемесі
dc.typeThesis

Files

Original bundle
Now showing 1 - 1 of 1
No Thumbnail Available
Name:
Айнұр Құдайқұл.pdf
Size:
731.62 KB
Format:
Adobe Portable Document Format
License bundle
Now showing 1 - 1 of 1
No Thumbnail Available
Name:
license.txt
Size:
12.6 KB
Format:
Item-specific license agreed to upon submission
Description:

Collections