ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Loading...
Date
2013
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Suleyman Demirel University
Abstract
Тіл мен мәдениет өзара тығыз байланыстағы бірін-бірі толықтырар біртұтас жүйе. Сондықтан тілді ұлттың тарихымен, мәдениетімен, рухани қазынасымен, яғни дүниетанымымен тығыз қарым-қатынаста, бірлікте алып қарастырылған жағдайда ғана ұлттық тілдің табиғатын шынайы танып білуге жол ашылады.
Халықтардың ұлттық мәдени өмірінің көрінісі олардың сөздік құрамының елеулі бөлігін қамтып тұрған фразеологиялық қорынан ерекше көрінеді. Өйткені фразеологизмдер – халықтар өмірінің айнасы. Тілдерді бір-бірімен салыстырып зерттеу арқылы олардың бір-бірімен ұқсастық немесе бір-бірінен айырмашылық дәрежесінің заңдылығын анықтауға, тілдің ұлттық қасиеттерін тереңірек түсінуге, фразеологияның жалпы заңдылығын ашуға болады.
Description
Keywords
Тіл мен мәдениет, фразеологизмдер, лингвомәдени талдау
Citation
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, Ермекова Рауза, 2013