АҚСАҚ ТЕМІРДІҢ АНАДОЛЫҒА ЖАСАҒАН СОҒЫС ЖОРЫҚТАРЫНЫҢ САЛДАРЫ
Loading...
Date
2016
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Suleyman Demirel University
Abstract
Еуразияның əр бұрышында өзінің жойқын жорықтарымен үрей шашқан
Ақсақ Темір, дəстүрлі дала мəдениетінен шыққан соңғы жихангир болатын. Өлімінің өзі
жорық үстінде болған Ақсақ Темір, 1382ші
жылдан 1405ші
жылға дейінгі жалғасын
тапқан үздіксіз жорықтарының нəтижесінде Делиден Мəскеуге, Орта Азияның Тəңірі
тауларынан Анадолының Торос сілемдеріне дейінгі аймақты жермен жексен етті. Бұл
жағдай жаңа бір тарихи кезеңдердің туындауына себепші болмаса да, сол заманның
тарихи келбетін өзгертіп Ұлы державаларды күйретті, салдарынан жаңа саяси күштердің
қалыптасуына түркі болды немесе кешеуілдетті. Яғни, Алтын Орда қайта оңалмастай
күйреді, біртұтас Орыс мемлекетінің қалыптасуына мүмкіндік туындады, ал Осман
династиясының христиан əлеміне үстемдік етуі 50 жылға кешеуілдетілді. Ақсақ Темірдің
1402 жылы Анадолыға жасаған жорықтары тек қана Осман династиясын күйретумен
шектелмеді, ол тығырыққа тірелген христиан əлемінің билеушілерінің көкейінде жаңа бір
үміт ұялатты.
Description
Keywords
Citation
АҚСАҚ ТЕМІРДІҢ АНАДОЛЫҒА ЖАСАҒАН СОҒЫС ЖОРЫҚТАРЫНЫҢ САЛДАРЫ, Шалбаев.А.А., PhD., ассист проф., 2016