Instagram желісіндегі соғыс туралы эмоциялық фреймдердің өзгеруі: Ресей-Украина соғысына қатысты пікірлердің бір жылдық салыстырмалы

dc.contributor.authorЖұмабай А.
dc.contributor.authorЕркімбай А.
dc.date.accessioned2026-04-14T05:46:57Z
dc.date.available2026-04-14T05:46:57Z
dc.date.issued2026
dc.description.abstractБұл зерттеу Ресей-Украина соғысы тақырыбында әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратқа оқырмандардың қандай бағытта үн қататынын анықтауға бағытталған. Зерттеу нысаны ретінде «Азаттық радиосының» Instagram парақшасында 2022 жылдың ақпаны мен 2023 жылдың наурызы аралығында жарияланған 5000-нан астам пікірге сандық контент-анализ жасалды. Медиабұрмалау көбіне тақырып таңдау мен фрейминг арқылы жүзеге асады. Сондықтан бұл зерттеу Роберт Энтман ұсынған фрейминг теориясын аналитикалық негіз ретінде қолданады. Ал Зизи Папачариси сипаттаған «аффективті қоғамдық орталар» тұжырымдамасы пікірлердегі эмоционалды реңкті түсіндіруге мүмкіндік береді. Кевин Коу және басқалары интернеттегі пікірталастардың жиі дөрекі сипат алатынын атап өтсе, бұл зерттеу де аталған парақшадағы пікірлерде ұқсас үрдістердің бар-жоғын тексереді. Зерттеу нәтижесінде пікірлердің басым бөлігі эмоциялық реакция мен саяси поляризация элементтерін қамтитыны, ал конструктивті талқылау сирек кездесетіні анықталды. Сонымен қатар уақыттық динамика тұрғысынан маңызды үрдіс байқалды: 2022 жылғы ерте кезеңде соғысқа қатысты ұстанымдар көбіне гуманитарлық сезімталдықпен және моральдық айыптаумен (соғыстың әділетсіздігі, құрбандар трагедиясы, бейбіт тұрғындарға жанашырлық) күшейсе, 2023 жылы сол позицияның дискурстық өзегі кеңейіп, антиимпериялық және тарихи аргументтермен толыққан. Яғни фрейм үлесі салыстырмалы түрде тұрақты сақталғанымен, бір жыл ішінде оның мазмұны гуманитарлық-эмпатиялық реңктен саяситарихи түсіндіруге қарай ығысқанын көреміз. Бұл қорытындылар соңғы зерттеулер тұжырымдаған ақпараттық тәуекелдер мен идеологиялық жіктелу үрдістерімен үндес.
dc.identifier.citationЖұмабай А , Еркімбай А / Instagram желісіндегі соғыс туралы эмоциялық фреймдердің өзгеруі: Ресей-Украина соғысына қатысты пікірлердің бір жылдық салыстырмалы / SDU University / SDU Journal of Media Studies 2026/1 (4)
dc.identifier.urihttps://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/2620
dc.language.isoother
dc.publisherSDU University
dc.subjectэмоциялық фреймдер
dc.subjectфрейминг теориясы
dc.subjectРесей-Украина соғысы
dc.subjectәлеуметтік желідегі пікірлер
dc.titleInstagram желісіндегі соғыс туралы эмоциялық фреймдердің өзгеруі: Ресей-Украина соғысына қатысты пікірлердің бір жылдық салыстырмалы
dc.typeArticle

Files

Original bundle
Now showing 1 - 1 of 1
No Thumbnail Available
Name:
Aibike+Zhumabay+&+Askhat+Yerkimbay.pdf
Size:
584.7 KB
Format:
Adobe Portable Document Format
License bundle
Now showing 1 - 1 of 1
No Thumbnail Available
Name:
license.txt
Size:
1.71 KB
Format:
Item-specific license agreed to upon submission
Description: