Instagram желісіндегі соғыс туралы эмоциялық фреймдердің өзгеруі: Ресей-Украина соғысына қатысты пікірлердің бір жылдық салыстырмалы
Loading...
Date
2026
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
SDU University
Abstract
Бұл зерттеу Ресей-Украина соғысы тақырыбында әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратқа оқырмандардың қандай бағытта үн қататынын анықтауға бағытталған. Зерттеу нысаны ретінде «Азаттық радиосының» Instagram парақшасында 2022 жылдың ақпаны мен 2023 жылдың наурызы аралығында жарияланған 5000-нан астам пікірге сандық контент-анализ жасалды. Медиабұрмалау көбіне тақырып таңдау мен фрейминг арқылы жүзеге асады. Сондықтан бұл зерттеу Роберт Энтман ұсынған фрейминг теориясын аналитикалық негіз ретінде қолданады. Ал Зизи Папачариси сипаттаған «аффективті қоғамдық орталар» тұжырымдамасы пікірлердегі эмоционалды реңкті түсіндіруге мүмкіндік береді. Кевин Коу және басқалары интернеттегі пікірталастардың жиі дөрекі сипат алатынын атап өтсе, бұл зерттеу де аталған парақшадағы пікірлерде ұқсас үрдістердің бар-жоғын тексереді. Зерттеу нәтижесінде пікірлердің басым бөлігі эмоциялық реакция мен саяси поляризация элементтерін қамтитыны, ал конструктивті талқылау сирек кездесетіні анықталды. Сонымен қатар уақыттық динамика тұрғысынан маңызды үрдіс байқалды: 2022 жылғы ерте кезеңде соғысқа қатысты ұстанымдар көбіне гуманитарлық сезімталдықпен және моральдық айыптаумен (соғыстың әділетсіздігі, құрбандар трагедиясы, бейбіт тұрғындарға жанашырлық) күшейсе, 2023 жылы сол позицияның дискурстық өзегі кеңейіп, антиимпериялық және тарихи аргументтермен толыққан. Яғни фрейм үлесі салыстырмалы түрде тұрақты сақталғанымен, бір жыл ішінде оның мазмұны гуманитарлық-эмпатиялық реңктен саяситарихи түсіндіруге қарай ығысқанын көреміз. Бұл қорытындылар соңғы зерттеулер тұжырымдаған ақпараттық тәуекелдер мен идеологиялық жіктелу үрдістерімен үндес.
Description
Keywords
эмоциялық фреймдер, фрейминг теориясы, Ресей-Украина соғысы, әлеуметтік желідегі пікірлер
Citation
Жұмабай А , Еркімбай А / Instagram желісіндегі соғыс туралы эмоциялық фреймдердің өзгеруі: Ресей-Украина соғысына қатысты пікірлердің бір жылдық салыстырмалы / SDU University / SDU Journal of Media Studies 2026/1 (4)