Қазақ тілі сабақтарында жасанды интеллект арқылы мәтінмен жұмыс түрлерін ұйымдастыру әдістемесі

dc.contributor.authorБәдешов Ж.Е
dc.date.accessioned2026-11-23T04:14:38Z
dc.date.available2026-11-23T04:14:38Z
dc.date.issued2026
dc.description.abstractЗерттеу жұмысының тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында мәтінмен жұмыс түрлерін жасанды интеллект арқылы ұйымдастыру әдістемесі. Зерттеу жұмысының құрылымы: диссертациялық жұмыс нормативтік сілтемелерден, анықтамалардан, белгілеулер мен қысқартулардан, кіріспеден, үш тараудан тұратын негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Зерттеу жұмысының көлемі: зерттеу жұмысы теориялық және практикалық бөлімдерді қамтиды. Жұмыс барысында мәтінмен жұмыс түрлерін ұйымдастыру, жасанды интеллект құралдарын қолдану ерекшеліктері жан-жақты талданып, әдістемелік ұсыныстар берілді. Кілт сөздер: қазақ тілі сабақтары, мәтінмен жұмыс, жасанды интеллект, тілдік дағдылар. Зерттеу жұмысының бірінші бөлімінде қазақ тілі сабақтарында мәтінмен жұмыс түрлерін ұйымдастырудың теориялық негіздері қарастырылды. Мәтін ұғымының лингвистикалық табиғаты, оның негізгі белгілері, құрылымдықкомпозициялық жүйесі, типтері мен жанрлық ерекшеліктері жан-жақты талданды. Сонымен қатар мәтінмен жұмыстың дидактикалық ұстанымдары айқындалып, мәтіннің тілдік және коммуникативтік дағдыларды қалыптастырудағы орны негізделді. Мәтін тілдік жүйенің жоғарғы коммуникативтік бірлігі ретінде сипатталып, оның оқыту үдерісіндегі маңыздылығы ғылыми тұрғыдан дәлелденді. Зерттеу жұмысының екінші бөлімінде мәтінмен жұмыс түрлерін ұйымдастырудың оқыту үдерісіндегі маңызы қарастырылды. Мәтін арқылы тіл дамыту, тілдік дағдыларды (оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым) кешенді қалыптастыру жолдары сипатталды. Сонымен қатар мәтінмен жұмыстың негізгі түрлері (қабылдау, талдау, шығармашылық әрекет) жүйеленіп, олардың білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы рөлі анықталды. Мәтін негізіндегі бақылау және бағалау жұмыстарының ерекшеліктері сараланып, олардың тілдік құзыреттілікті дамытудағы тиімділігі көрсетілді. Зерттеу жұмысының үшінші бөлімінде қазақ тілі сабақтарында мәтінмен жұмыс түрлерін жасанды интеллект арқылы ұйымдастырудың әдістемелік жүйесі ұсынылды. Жасанды интеллектке негізделген оқыту технологиясының теориялық негіздері қарастырылып, дәстүрлі және цифрлық модельдердің өзара байланысы талданды. Мәтінді қабылдау, түсіну, талдау, интерпретациялау және шығармашылық тұрғыда өңдеу кезеңдерінде жасанды интеллект құралдарын қолданудың тиімді жолдары көрсетілді. Сонымен қатар оқушылардың мәтінмен жұмыс дағдыларын бағалау мен кері байланыс беруде ЖИ технологияларын қолданудың мүмкіндіктері айқындалды. Зерттеу барысында жасанды интеллект құралдарын қолданудың педагогикалық шарттары мен шектеулері негізделіп, олардың оқу үдерісіндегі тиімділігі дәлелденді.
dc.identifier.citationБәдешов Ж.Е / Қазақ тілі сабақтарында жасанды интеллект арқылы мәтінмен жұмыс түрлерін ұйымдастыру әдістемесі / SDU University / 7M01701 – «Қазақ тілі және әдебиеті» білім беру бағдарламасы
dc.identifier.urihttps://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/2712
dc.language.isoother
dc.publisherSDU University
dc.subjectМәтінмен жұмыс түрлерін ұйымдастыруда жасанды интеллект құралдарын қолданудың әдіс-тәсілдері
dc.subjectТәжірибелік зерттеу нәтижелері және олардың талдауы
dc.titleҚазақ тілі сабақтарында жасанды интеллект арқылы мәтінмен жұмыс түрлерін ұйымдастыру әдістемесі
dc.typeThesis

Files

Original bundle
Now showing 1 - 1 of 1
No Thumbnail Available
Name:
Syzdykov_DM_InformationSystems_2026.pdf
Size:
12.77 MB
Format:
Adobe Portable Document Format
License bundle
Now showing 1 - 1 of 1
No Thumbnail Available
Name:
license.txt
Size:
12.6 KB
Format:
Item-specific license agreed to upon submission
Description:

Collections