ИНСТАГРАМНЫҢ ҚАЗАҚ СЕГМЕНТІНДЕГІ ЭМОЦИЯЛЫҚ ДИСКУРС: САЛТАНАТ НҮКЕНОВА ІСІНІҢ ҚОЛДАНУШЫЛАР АРАСЫНДА КӨҢІЛ-КҮЙ ҚАЛЫПТАСТЫРУЫ
| dc.contributor.author | Канатова Д.Б. | |
| dc.date.accessioned | 2026-09-01T05:14:22Z | |
| dc.date.available | 2026-09-01T05:14:22Z | |
| dc.date.issued | 2026 | |
| dc.description.abstract | Бұл зерттеу Салтанат Нүкенова ісіне байланысты Instagram-ның қазақ сегментінде қалыптасқан қоғамдық көңіл-күй мен эмоциялық дискурсты талдауға арналған. Зерттеудің мақсаты – аталған әлеуметтік желіде қандай эмоциялар басым болғанын және олардың қандай нарративтер арқылы көрініс тапқанын анықтау. Қазіргі цифрлық қоғамда әлеуметтік желілер қоғамдық пікір қалыптастырудың маңызды алаңына айналған. Әсіресе резонансты оқиғалар кезінде платформаларда пайдаланушылардың эмоциялық реакциялары кеңінен таралып, ұжымдық көңіл-күйдің қалыптасуына әсер етеді. Осы тұрғыдан алғанда, Instagram платформасы тек ақпарат алмасу құралы ғана емес, эмоциялар мен мағыналар тудыратын коммуникациялық кеңістік ретінде қарастырылады. Зерттеудің теориялық негізін Zizi Papacharissi ұсынған аффективті аудиториялар (Affective Publics) теориясы құрайды. Аталған теорияға сәйкес, пайдаланушылар әлеуметтік желілерді тек ақпарат алу үшін ғана емес, өз эмоцияларын білдіру, ортақ көңіл-күй қалыптастыру және қоғамдық дискурсқа қатысу мақсатында белсенді түрде пайдаланады (Papacharissi, 2015). Демек Instagram-дағы посттар мен пікірлер қолданушылардың эмоциялық реакциясының, қоғамдық көзқарасының және ұжымдық эмоциялық тәжірибесінің көрінісі ретінде қарастырылады. Зерттеу контент-анализ әдісіне негізделіп, талдау барысында сапалық және сандық тәсілдер кешенді түрде қолданылды. Эмпирикалық база ретінде Instagram платформасында 2024 жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында жарияланған контент негізінде іріктелген 60 пост пен 150 пікір талданды. Іріктеу мақсатты әдіс арқылы жүзеге асырылып, зерттеу нысанына тікелей қатысты мәтіндер талдауға енгізілді. Зерттеу барысында пост авторлары мен пікір жазған қолданушылардың әртүрлі аудитория өкілдері екені ескерілді. Посттар көбіне ақпарат таратушы немесе қоғамдық пікір қалыптастырушы аккаунттар арқылы жарияланса, пікірлер қарапайым пайдаланушылардың тікелей эмоциялық реакциясын көрсетуге мүмкіндік берді. Бұл посттар мен пікірлер арасындағы эмоциялық және нарративтік айырмашылықтарды салыстыра талдауға жағдай жасады. Әрбір мәтін эмоциялық және нарративтік категориялар бойынша кодталды. Эмоцияларды жіктеу барысында бес негізгі категория (ашу-ыза, қорқыныш, сенімсіздік, күйзеліс, үміт) қолданылды, ал нарративтер мазмұндық ерекшеліктеріне қарай жүйеленді. Зерттеу нәтижелері Instagram-дағы эмоциялық дискурстың құрылымдық және көпдеңгейлі сипатқа ие екенін көрсетті. Посттар деңгейінде эмоциялар белгілі бір мағыналық бағытты қалыптастырса, пікірлер деңгейінде бұл бағыт қайта интерпретацияланып, кеңейтіледі. Қолданушылардың реакциясы тек жеке пікірмен шектелмей, топтық көңіл-күйдің қалыптасуына ықпал ететіні анықталды. Зерттеу әлеуметтік желілердің қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлін нақтылап, эмоциялар мен нарративтердің өзара байланысын көрсетеді. Instagram платформасы қолданушылардың эмоциялық реакциясын білдірумен қатар, әлеуметтік мағына өндіретін және қоғамдық дискурсты қалыптастыратын коммуникациялық кеңістік ретінде қарастырылады. | |
| dc.identifier.citation | Канатова Д.Б / ИНСТАГРАМНЫҢ ҚАЗАҚ СЕГМЕНТІНДЕГІ ЭМОЦИЯЛЫҚ ДИСКУРС: САЛТАНАТ НҮКЕНОВА ІСІНІҢ ҚОЛДАНУШЫЛАР АРАСЫНДА КӨҢІЛ-КҮЙ ҚАЛЫПТАСТЫРУЫ / SDU University / 7M03201 – «Медиа зерттеулері жəне журналистика» | |
| dc.identifier.uri | https://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/2636 | |
| dc.language.iso | other | |
| dc.publisher | SDU University | |
| dc.subject | Эмоциялық дискурс | |
| dc.subject | Деректерді жинау және іріктеу | |
| dc.subject | Нарратив | |
| dc.title | ИНСТАГРАМНЫҢ ҚАЗАҚ СЕГМЕНТІНДЕГІ ЭМОЦИЯЛЫҚ ДИСКУРС: САЛТАНАТ НҮКЕНОВА ІСІНІҢ ҚОЛДАНУШЫЛАР АРАСЫНДА КӨҢІЛ-КҮЙ ҚАЛЫПТАСТЫРУЫ | |
| dc.type | Thesis |
Files
Original bundle
1 - 1 of 1
No Thumbnail Available
- Name:
- 2. Канатова_Д_Әлеуметтіқ ғылымдар, Бизнес ж_е Құқық_2026.pdf
- Size:
- 3.72 MB
- Format:
- Adobe Portable Document Format
License bundle
1 - 1 of 1
No Thumbnail Available
- Name:
- license.txt
- Size:
- 12.6 KB
- Format:
- Item-specific license agreed to upon submission
- Description: