БАЛАЛАР ЖЫЛЫНДА БАҚ БАЛАЛАР СУИЦИДІН ҚАЛАЙЖАЗДЫ? ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН ГАЗЕТІНІҢ МЫСАЛЫНДА
Loading...
Date
2023
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
SDU Journal of Media Studies
Abstract
Мақала мазмұны медианың балалар жылында суицид тақырыбын қалай жазғанын зерттейді. Әсіресе балалар суицидіне қатысты мақалалардың мәні қаншалықты этикаға сай екенін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу объектісі ретінде мемлекеттік басылым Егемен Қазақстан газеті таңдалды.Сапалық зерттеу әдісін қолданған мақаламызда суицид тақырыбының әлемдік деңгейдегі жазылу тәжірибесі мен теорияларына сүйенеміз. Күн тәртібі теориясының шеңберінде материалдарға талдаужасаймыз, сонымен қатар, Вертер эффектісі, Папагено эффектісі сынды суицидпен қатар айтылатын ұғымдарға шолу жасаймыз. Қазақстан медиасында, соның ішінде жаңалықтардағы суицид тақырыбының этикалық тұрғыдан жазылу барысына талдау жасаймыз. Сонымен қатар таңдалған ақпарат құралының 2022 жылдағы балалар суицидіне қатысты бір жылдық мақалаларын топтастыра отырып, контент анализ көмегімен суицид тақырыбын жазуда ақпарат құралдары қандай этикаға қайшы сөз тіркестерін қолданатынын анықтадық.Бұқаралық ақпарат құралдарындағы “өз-өзіне қол жұмсау” жаңалықтары сенсация, рейтинг және трагедияны көрсету үшін емес, аудиторияның өмірге жауапкершілігін және "көпшіліктің білу құқығымен" теңестірілуі керек ақпараттарды ұсыну маңызды екенін алға тартады.
Description
Keywords
Медиа, этика, Егемен Қазақстан газеті, балалар суициді, Күн тәртібі теориясы, Вертер эффектісі, Папагено эффектісі
Citation
Наргиза Ерес/ БАЛАЛАР ЖЫЛЫНДА БАҚ БАЛАЛАР СУИЦИДІН ҚАЛАЙЖАЗДЫ? ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН ГАЗЕТІНІҢ МЫСАЛЫНДА / SDU Bulletin: Social Sciences. 2023/4(64)