Қаңтар оқиғасы туралы мемлекеттік және тәуелсіз медиадағы фреймдерді салыстырмалы талдау

Loading...
Thumbnail Image

Date

2025

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

SDU Journal of Media Studies

Abstract

Мақала Қазақстандағы Қаңтар оқиғасына арналған төрт негізгі басылым –Леонид Млечиннің «Қаңтар трагедиясы. Президент Тоқаев және сабақ алу»(«Трагическийянварь. Президент Токаев и извлечение уроков»), Бигелді Ғабдуллиннің «Қаңтар-22: Сәтсіз мемлекеттік төңкеріс және ұлттың оянуы»(«Кантар-22: неудавшийся госпереворот и пробуждение нации»),Бақытжан Төреғожина мен Евгений Жовтистің «Ескертусіз қасақана оқ ату...»атты баяндамасы және Азаттық радиосының «Қанды Қаңтар құрбандары»кітабындағы фреймдік және нарративтік айырмашылықтарды салыстырмалы тұрғыда талдауға арналған. Зерттеудің мақсаты–мемлекеттік және тәуелсіз дереккөздер Қаңтар оқиғасын қандай талдамалық шеңберлерарқылы сипаттайтынын, қандай акторларды орталыққа шығаратынын және оқиғаның мағыналық өзегін қалай құрастыратынын анықтау.Зерттеу әдістемесі ретінде контент-талдау, фрейм-талдау және фреймдердің қатар орын алуын(co-occurrence) анықтайтын сапалық дискурс талдауы қолданылды. Барлық төрт мәтіннен 1000-нан асакод тіркеліп, қауіп, мемлекет, репрессия, құқық, жәбірленуші, төңкеріс, терроризм сияқты негізгі тақырыптық өрістердің таралу жиілігі мен құрылымдық байланыстары картаға түсірілді.Мемлекеттік сипаттағы кітаптарда «қауіп», «мемлекеттік төңкеріс», «терроризм», «мемлекеттілік», «Президент Тоқаев» фреймдері доминантты болып, оқиға «мемлекетті күйретуге бағытталған ұйымдасқан шабуыл» ретінде түсіндірілетінін көрсетті. Тәуелсіз екі дереккөзде, керісінше, «жәбірленуші», «құқықбұзушылық», «азаптау». Алынған нәтижелер, «ескертусіз оқ ату», «бейбіт наразылық» фреймдері басым түсіп, Қаңтар «азаматтарға қарсы шамадан тыс күш қолданылған құқықтық-гуманитарлық дағдарыс» ретінде сипатталады. Фреймдердің қатар орын алуыныңталдауы екі лагерьдің оқиғаны екі бөлек себеп-салдар арқылы, сондай-ақ мемлекет-азамат қатынасын түбегейлі әртүрлі тұжырымдайтынынкөрсетті.Зерттеу нәтижелері Қаңтар оқиғасы төңірегіндегі медианарративтер Қазақстандағы легитимділік дағдарысы, ақпараттық басқару, символикалық билік және қоғамдық сенім мәселелерімен тығыз байланысты. Фреймдік құрылымдар мемлекет пен қоғам арасындағы интерпретациялық жарыстың, ал Қаңтар туралы тарихи жадтың қалыптасуындағы идеологиялық қақтығыстың маңызды көрсеткіші ретінде көрінеді.

Description

Keywords

Қаңтар оқиғасы, фрейминг, күн тәртібін белгілеу, медианарратив, мемлекеттік және тәуелсіз медиа, құқық қорғау

Citation

Бағдат Сұлтанқызы/ Қаңтар оқиғасы туралы мемлекеттік және тәуелсіз медиадағы фреймдерді салыстырмалы талдау/ SDU Journal of Media Studies 2025/3 (3)