Етістіктердің мезгіл мәні және темпоральдық мағына

No Thumbnail Available

Date

2010

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Suleyman Demirel University

Abstract

Бұл мақалада қазақ тіліндегі етістіктердің мезгілдік және темпоральдық мағыналарының қалыптасу жолдары мен олардың функционалдық-семантикалық сипаттары кеңінен талданады. Етістіктің шақ категориясы нақты сөйлеу сәтімен сабақтас қарастырылғанымен, қимыл-әрекеттің уақытқа қатысы әрдайым бірдей бола бермейтіні мақалада нақты мысалдар арқылы дәлелденеді. Автор есімше мен көсемше формаларының мезгілді белгілеудегі рөліне терең тоқталып, олардың жатыс, шығыс, көмектес септік формаларында мезгіл пысықтауыш жасаудағы өнімділігін көрсетеді. Сондай-ақ аспектуалдылық, әрекеттің өту сипаты, қимылдың басталуы мен аяқталуы сияқты темпоралдық көрсеткіштердің қызметі сараланады. Мақалада көсемшелердің (-ғалы, -гелі, -а, -е, -й), есімшелердің (-ған, -ар/-ер, -атын) және аналитикалық форманттардың сөйлемдегі мезгіл мағынасын нақтылудағы орны жаңаша түсіндіріледі. Зерттеу нәтижесінде етістік формаларының темпоральдық өрісте кешенді қызмет атқаратыны және уақыт мәнін білдіру тілдік бірліктердің жүйелі қатынасы арқылы танылатыны жеткізіледі.

Description

Keywords

етістік, мезгіл мәні, темпоральдылық, аспектуалдылық, шақ категориясы

Citation

Абдуова, Б. / Етістіктердің мезгіл мәні және темпоральдық мағына/ Suleyman Demirel University/ СДУ хабаршысы, 15(3).