Vol 62 No 1 (2023) SDU Bulletin Social Sciences
Permanent URI for this collection
Browse
Recent Submissions
Item Open Access АЙМАҚТЫҚ МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК АҚПАРАТТЫҚ ТАПСЫРЫСТЫҢ РӨЛІ МЕН ОНЫҢ КҮН ТӘРТІБІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕРІ(SDU University, 2023) Ж.Кенжебек; М.СаудбаевМақалада мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың бұқаралық ақпарат құралдарының, соның ішінде аймақтық мерзімді басылымдардың мазмұнына, ондағы күн тәртібінің құрылуына әсеріне зерттеу жүргізілген. Жұмыста «күн тәртібі» ұғымы, аймақтық газеттердің мазмұнына әсер ететін факторлар, мерзімді басылымдарда жиі қайталанатын тақырыптардың сол аумақтың шынайы тыныс-тіршілігімен, жергілікті аудиторияның қажеттіліктерімен сәйкес келмеуі сынды бірқатар өзекті мәселелер қозғалады. Зертттеудің мақсаты – жергілікті газеттердің мысалында қалыптасқан жағдайды зерделей отырып, аймақтық мерзімді басылымдардың жұмысын жандандырудың тиімді әдістерін ұсыну болып табылады. Осыған орай Панфилов аудандық «Жаркент өңірі» газетінің мазмұндық ерекшеліктеріне, белгілі бір кезеңде жарияланған материалдарына контент-анализ жасалып, талдау жасалды. Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс қазақстандық медианың ажырамас бір бөлшегі болғандықтан, оның аймақтағы мерзімді басылымдардың мазмұнына, өзекті тақырыптарды қамтуына қаншалықты әсерін тигізетіні түсіндіріледі.Item Open Access ПУТИ РАЗРЕШЕНИЯ ЗЕМЕЛЬНЫХ СПОРОВ ПРИ ПРЕДОСТАВЛЕНИИ ЗЕМЕЛЬНОГО УЧАСТКА(SDU University, 2023) Диана ЕрлановаОсновное направление решения земельных проблем лежит в сфере экономики, и именно поэтому сочетание экономики и рационального землепользования – один из основных принципов земельного право. Создание действующих экономических механизмов, внедрение рыночных отношений , разумное распространение их на земельные и иные природные ресурсы, государственный земельный контроль имеют ярко выраженную социальную направленность, поскольку охрана земель и природной среды в целом направлена прежде всего на поддержание человеческого социума, благосостояния людей. Не меншая роль принадлежит праву: оно может либо тормозить, либо продвигать земельные отношения, быть их стимулятором или обременителем. Социальная обусловленность земельного права не вызывает сомнений : оно всегда носит волевой характер, но одновременно тесно связано с уровнем развития науки и техники.Item Open Access FISCAL DECENTRALIZATION IN KAZAKHSTAN AND THE IMPACT ON ECONOMIC GROWTH(SDU University, 2023) Galymzhan Zupiruly; Mansiya ZhanabayThis article proposes a method for assessing the effects of fiscal decentralization on economic development. The relationship between the proper level of fiscal decentralization and economic growth for 17 regions and cities of republican significance in Kazakhstan from 2010 to 2020 was evaluated using panel data. Panel cointegration and dynamic ordinary least squares (DOLS) results suggest that fiscal decentralization has a negative and significant impact on gross regional product. The study found that both income and expenditure decentralization have a negative impact on economic growth, and that further fiscal decentralization currently has a negative impact on gross regional product (GRP) growth. Given the premise that fiscal decentralization usually promotes local economic progress, this consistently significant and powerful result of our empirical analysis is surprising.Item Open Access СOVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ РӨЛІ: «ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН» МЕН «АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ» МЫСАЛЫНДА(SDU University, 2023) Долаева К.; Кәпқызы Е.СOVID-19 пандемиясы кезінде бұқараға ақпарат тарату мақсатында масс медиаға сенім ерекше артылды. Пандемия бұқаралық ақпарат құралдарының басты тақырыбына айналып, журналистердің ақпарат берудегі рөлі де еселене түсті. Осы мәселелер мақаланың басты өзегіне айналып отыр. 2020-2021 жылдар аралығында әлемдік БАҚ-та СOVID-19 мәселесін көтерген түрлі жанр мен формадағы материалдар қатары ерекше артқан. Бұл үрдістен Қазақстан да қалыс қалмады. Зерттеу нысаны ретінде «Егемен Қазақстан» мен «Азаттық радиосы» алынып, екі порталдың пандемия тақырыбын берудегі ерекшеліктері анықталып, контент-анализ жасалды. Сонымен қоса, пандемия кезіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының осал және ұтымды тұстарына да ғылыми тұжырым жасалды.Item Open Access ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ БЕДЕЛДІ МЕНЕДЖМЕНТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БЕДЕЛДІҢ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАҢДАУЫНА ӘСЕРІ(SDU University, 2023) Nigimanova AigerimБеделді басқара білу ұйымның дамуына, соның ішінде университеттерге де әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дегенмен, бүгінгі таңда, цифрлық әлем қарқынды түрде кеңейіп, оң беделді қалыптастыруда негізгі орынды дерлік ала бастаған кезде, интернет кеңістігінде имиджді сақтауға айтарлықтай мән беру қажет. Сондықтан, бұл мақаланың мақсаты - болашақ студенттердің қызығушылықтары мен қалауларын ескере отырып, университеттің цифрлық ортада өзінің беделін қалай сақтау керектігін зерттеу. Өйткені жоғары білім беру ортасында бәсекелестіктің артуы жағдайында қолайлы имиджді қалыптастыру және үздік студенттерді қабылдау үшін маркетингтік стратегияны нақты құру қажет. Зерттеу көрсеткендей, болашақ студенттердің 55% интернетте күн сайын 5 сағатқа жуық уақытын өткізеді. Олар әлеуметтік желілерде, атап айтқанда Instagram, TikTok-та көбірек уақыт өткізеді және ақпаратты сол көздер арқылы алуды қалайды. Сондай-ақ, негізінен 11-сынып оқушылары жоғары оқу орындарын таңдамас бұрын осы сайттарға кіріп, қорытынды жасайтыны анықталды. Университеттің зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, олардың қызметінің көптеген аспектілеріне әлеуметтік желілерді енгізу және дамыту, сонымен қатар олардың веб-сайттарын жақсарту және жеңілдету қажет.