Browse
Recent Submissions
Item 5В050600 «ЭКОНОМИКА», 5В050800 «ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» ЖӘНЕ 5В050900 «ҚАРЖЫ» МАМАНДЫҚТАРЫ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕР ҮШІН ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС ЖАЗУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР(СДУ Университеті баспаханасы, 2015) Сарсенова Д., Төлегенова Р.Баспаға СДУ Университетінің оқу-әдістемелік кеңесінің 2015 жылғы 25-тамыздағы № 1 хаттамасы бойынша ұсынылды. Әдістемелік көрсетулер суденттер үшін дипломдық жұмысты орындау және оларды қорғау барысындағы міндетті талаптар, ережелер мен ұсыныстарды анықтау мақсатында болады. Олар дипломдық жұмыс тақырыптарының өзектіпігін қамтамасыз етуге, және олардың ғылыми деңгейі мен орындалу сапасын көтеруге арналған, сонымен қатар кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін көтеру мен оның нарықтағы тұрақты жағдайы мақсатында өндірісті басқару мен ұйымдастыруды жетілдіру бойынша нақты жасалатын тәжірибелік ұсыныстар бойынша дипломдық жұмыстың үлесін көтеруге арналған.Item «ҚАРЖЫ» және «ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП 1» пәндері бойынша студенттер үшін курстық жұмыс жазуға әдістемелік нұсқаулар(SDU University, 2015) Тлеубаев А.; Кусннева А.; Сабденалиев Б.; Заманбеков Д.; Азимбекова А.; Сарсенова Д.«Қаржы» пәні бойынша экономикалық факультеттің студенттері үшін курстық жұмыс міндетті және алғашқы маңызды ғылыми жұмыс болып табылады. Бұл жұмыс экономиканы, оның қаржы саласын терең шығармашылық зерттеуді және өзіндік экономикалық талдауды талап етеді. Курстық жұмыс болашақтағы дипломдық және басқа да ғылыми жұмыстарды жазудағы алғашқы қадамдардың бірі болып табылады. Курстық жұмыстың көлемі 10-15 стандарттық машина-жазулық тексттік парақтар құрайды. Курстық жұмыстың тақырыбын студент өзі берілген тақырыптар тізімінен таңдайды. Студенттің, оқытушының келісімі бойынша, курстық жұмыстың тақырыбы мен мазмұнын өзгертуге құқығы бар. Бір тақырып бойынша бір топтан екі студентке курстық жұмыс жазуға болмайтынын тақырыпты таңдау барысында ескерген жөн.