№ 3 (64) 2023
Permanent URI for this collection
Browse
Browsing № 3 (64) 2023 by Subject "психология"
Now showing 1 - 1 of 1
Results Per Page
Sort Options
Item Open Access ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ «ҒАСЫРДАН ДА ҰЗАҚ КҮН» РОМАНЫНДАҒЫ УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК КАТЕГОРИЯСЫ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Ізбай І.Ө.Аңдатпа. Мақалада қырғыз халқының жазушысы Шыңғыс Айтматовтың алғашқы туындыларының бірі «Ғасырдан да ұзақ күн» романы мен хронотоп мәселесі қарастырылды. Қазақ прозасындағы көркем уақыт пен кеңістік мәселесіндегі психологизм, кейіпкерлер әлемі, эмоциялық құбылулардың сюжет динамикасына әсері сөз болып, авторлық баяндауға ден қойылды. Көркем кеңістік пен уақыт байланысы күрделі сипат алған Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романы талданды. Әдеби көркем туындыда кеңістік пен уақыт белгілері, оның сипатын беретін негізгі элементтер түр-түрге бөлініп шығарма құрылымын құрайды. Мақалада олардың арасындағы байланыс пен алшақтық, бірігуі мен бөлінуінің автор қолданысындағы көрінісі қарастырылды. «Боранды бекет» аталып кеткен Ш. Айтматовтың шығармасындағы сюжеттік құрылымында маңызды рөл атқарған уақыт және кеңістік категориясының түрлеріне кеңірек тоқталып, романнан үзінді мысалдармен дәйектелді.