Masters
Permanent URI for this collection
Browse
Browsing Masters by Subject "нарративтер"
Now showing 1 - 1 of 1
Results Per Page
Sort Options
Item Open Access ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫ КЕЗІНДЕГІ БАСПАСӨЗДЕРДЕГІ НАРРАТИВТЕР(2024) Амирова У.Р.Зерттеу Қаңтар оқиғаларын көрсету үшін Azattyq тәуелсіз редакциясында және Tengrinews.kz жеке редакциясында қолданылған әңгімелерді және таңдалған нақты сөздерді (нарративтер) таңдау себебін зерттейді. Қаңтар оқиғасы (Қанды қантар) – сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты бейбіт шеруден басталып, соңында жаппай тәртіпсіздіктерге айналған оқиғаны сипаттау үшін қолданалытын тіркес. Бейбіт наразылық Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласынан басталып, басқа өңірлерге тарап, арты жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Негізінен, зерттелген жаңалықтардың мазмұны фрейм теориясына сәйкес келетінін айта кеткен жөн, яғни мұнда нақты сөздер алдын ала кұрастырылған сенімдердің негізгі анықтаушылары ретінде пайдаланылады және жаңа ақпаратты үйлестіру немесе тұжырымдау үшін қолданылады. Осыған сәйкес, үкіметтен мемлекеттік тапсырыс алатын ақпарат құралының Қаңтар оқиғасына байланысты редакциялық мақалалары ықпал етушілердің немесе үкіметтің амбицияларын қанағаттандыруға бейімделген, ал тапсырыстардан тәуелсіз редакция өз нарративтерін алға тартады. Мәселе мынада: нақты оқиғаны көрсету үшін журналистер таңдаған сөздерді оқырман санасында қажетті болжамды орнату және нығайту үшін пайдалана алады. Жоғарыда айтылғандай, бұл бейтарап зерттеу барысында Tengrinews.kz және Azattyq деп аталатын редакциялық мақалаларды зерттеу нысанына жатқыздық. Осылайша, Қаңтардағы оқиғаларды жариялымдарды мемлекет басшысы Тоқаевтың жолдауымен салыстырдық және осы кісі көп қолданған кілтті сөздерді мемлекет нарративтеріне сәйкес деп алдық. Бұл бізге күнтізбе құрылысы журналистердің бар фреймдары мен көзқарастарына ғана байланысты емес, сонымен қатар келісім-шарттарға, үшінші тұлғаларға берілетін сыйақыларға, ақылы контентті жариялауға және мемлекеттік ынталандыруларға әсер етуі мүмкін екенін көрсетуге көмектесті.