(СДУ хабаршысы - 2021, 2021) Баймуратов O. ; Төлебай Б.А.
Аңдатпа - Қазіргі таңда кен етек алған СGІ/Компьютерлік графиканың бейнеойын саласына әсері мен оны жасаудағы әдістері, оның маңыздылығын және оның қалай бағалануы керектігі мақалада көрсетілді. Автордың қазіргі жасап жатырған “Тоғызқұмалақ 3D” ойынының графикалық элементтері негізге алынған. Мәселені шешу жолында пентагондық шама бойынша бағалау, 3DS Мах бағдарламасының көмегімен моделдеу, жарық беру әдістері қолданылып көрсетілді.