PHD
Permanent URI for this collection
Browse
Browsing PHD by Subject "әдеби рефлексия"
Now showing 1 - 1 of 1
Results Per Page
Sort Options
Item Open Access Көркем мәтінге интерпретация арқылы студенттер шығармашылығын дамыту әдістемесі(Suleyman Demirel University, 2022) Отарбаева ГазизаЗерттеудің өзектілігі. Бүгінгі таңда отандық білім беру жүйесі білім берудің нәтижелерін, білімгерлердің бойынан табылуы тиіс құндылықтар мен олардың иегеретін білік-дағдысын, қолданатын құзыретін саралау, қайта зерделеу, білім жүйесін толықтай трансформациялау кезеңінде тұр. Осы тұста қазіргі кездегі мол ақпараттар ағымын өз бетінше игеріп, сыни ойлай білетін, өзіндік көзқарасын дәлелдей алатын еркін ойлы, шығармашыл тұлға тәрбиелеудің өзектілігі арта түседі. Әрбір оқу пәні шығармашыл тұлға қалыптастыруға әлеуетті. Дегенмен, әдеби шығармашылыққа, әдеби білім мазмұнына, әдебиетті оқыту әдіс- тәсілдері мен формаларына қойылатын талап айрықша болатыны заңды. Шығармашыл тұлға қалыптастыру үшін, ең алдымен, білім алушыларды көркем шығарманың мазмұны мен мәнін өз бетінше түсініп, пайымдай білу дағдыларын дамытуға арналған оқу әрекетіне бағыттауымыз керек.