PHD
Permanent URI for this collection
Browse
Browsing PHD by Subject "Ұлттық әдеби тіл"
Now showing 1 - 1 of 1
Results Per Page
Sort Options
Item Open Access Ауызша тілдің жүйесі мен құрылымын меңгерту арқылы филолог-студенттердің сөз мәдениетін қалыптастыру әдістемесі(Suleyman Demirel University, 2019) Дуйсебекова ЖайнагулТұтас бір елдің тәуелсіздігін мызғымас ететін факторлардың бірі – оның ана тілі. Заң тілімен айтсақ: «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» [1]. Себебі бір халықты екіншісінен айқын ерекшелеп, бүкіл болмысын, табиғатын көрсетіп тұратын – оның тілі, соның ішінде оның әбден екшеліп, сұрыпталған ұлттық әдеби тілі. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында аталған бағдарламаның басты мақсаттары ретінде мына мәселелерді атап көрсеткен: «1) мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы; 2) мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу; 3) дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың әлеуеті; 4) қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту»