Vol. 2 No. 2 (2025)
Permanent URI for this collection
Browse
Browsing Vol. 2 No. 2 (2025) by Subject "Tengrinews"
Now showing 1 - 1 of 1
Results Per Page
Sort Options
Item Open Access Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдердің медиадағы бейнесі: Салтанат Нүкенова кейсі негізінде(SDU Journal of Media Studies, 2025) Есенгүл КәпқызыБұл зерттеу Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдердің медиадағы репрезентациясына назар аударады. Негізгі мақсат –отбасындағы кикілжіңнің құрбаны болған, әйелдерді мемлекеттік медиа қалай сипаттағанын айқындау, сол арқылы үкіметтің нарративі қалай болғанын түсіну. Соның ішінде, отбасы жанжалының құрбаны болған әйелдердің медиадағ репрезентациясы, аудиторияға ақпараттың қалай жеткенін талдау, медиа қалыптастырған негізгі тенденцияларды анықтау. Зерттеу қоғамда үлкен резонанс тудырған Салтанат Нүкенова ісін кейс-стади ретінде қарастыра отырып,сыни дискурстық талдау (Сritical Discourse Аnalysis, CDA) теориясын басшылыққа алады. Сыни дискурстық анализ (СДА) ерекшелігі медиа бейнелеген образдардағы жасырын идеологияны айқындайды, билік пен қоғам арасындағы қатынастарға көңіл бөліп, әлеуметтік нормаларды қалыптастыратын стереотиптерге көңіл бөледі. Бұл зерттеудің негізгі объектісі Салтанат Нүкенова кейсі. Бұл кейс арқылы отбасылық кикілжіңнің құрбаны болған әйелдердің медиадағы бейнесі сыни тұрғыдан талданады.Зерттеу нәтижелері медиа әйелдер бейнесін шектен тыс эмоцияға айналдырып, оларды тым әлсіз әрі бейшара етіп ұсынатынын, алайда зорлық-зомбылықтыңбасты әрі әлеуметтік себептеріне назар аударылмай қалатынын көрсетеді. Сол себепті де медиа зерттеулері журналистердің әлеуметтік жауапкершілігін, тілдік дискурстары мен құралдарына көңіл бөліп, сыни анализ елегінен өткізу қажеттігі туындайды.Әйелдердің медиадағы бейнесі тек ақпарат таратудың нәтижесі емес, қоғамдағы гендерлік ой-пікірлерді қалыптастыратын маңызды құралретінде айқындалды.