СДУ хабаршысы - 2010
Permanent URI for this collection
Browse
Browsing СДУ хабаршысы - 2010 by Author "Байқадамова Гүлназ"
Now showing 1 - 1 of 1
Results Per Page
Sort Options
Item Open Access А.Е.Алекторовтың фольклорлық-әдеби және этнографиялық мұраларындағы мәтіндерді жинау мен жариялау тәжірибесі(Suleyman Demirel University, 2010) Байқадамова ГүлназБұл мақалада ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының фольклоры мен этнографиясын жинау, жариялау және зерттеу ісінде ерекше орын алған А.Е.Алекторовтың ғылыми қызметі жан-жақты қарастырылады. Алекторов қазақ ауыз әдебиетінің барлық дерлік жанрын—ертегі, эпос, аңыз, мақал-мәтел, тұрмыс-салт жырлары, айтыс, шежіре және ақын-жыраулар шығармаларын жүйелі түрде жинап, оларды әртүрлі басылымдарда жариялап отырған. Зерттеуші қазақ тілін жетік меңгеріп, халықтың тұрмысын, салт-дәстүрін терең түсінуге ұмтылған, мәтіндерді дәлдікпен қағазға түсіріп, көпшілігін орыс тіліне аударып, этнографиялық түсіндірмелер қосқан. Оның материалдары «Астраханский вестник», «Оренбургский листок», «Киргизская степная газета», «Дала уалаятының газеті» сияқты басылымдарда жарық көріп, қазақ фольклортану ғылымының қалыптасуына үлкен ықпал етті. Алекторовтың фольклорды жинаушылық, жариялаушылық және зерттеушілік қызметі бүгінгі күнге дейін маңызын жоймаған құнды мұра болып табылады.