32 results
Search Results
Now showing 1 - 10 of 32
Item Open Access Синтаксисті басқа ғылым салаларымен интеграциялай оқыту әдістемесі(2022) Әбдіқалиева Қ.М.Диссертация жұмысының тақырыбы: Синтаксисті басқа ғылым салаларымен интеграциялай оқыту әдістемесі Жұмыстың құрылымы: Кіріспе, екі тарау (тараушадан), қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 104 бет, 6 кесте, 5 сурет, 13 сызба бар, зерттеу барысында 83 әдебиет қаралды. Кілт сөздер:синтаксис, интеграция, басқа ғылым салалары, дидактика, әдіс-тәсілдер, функционалды сауаттылық, заман талабы. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде синтаксис саласындағы өзекті мәселелерге шолу жасалынды. Күрделенген жай сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемдердегі айырмашылықтар мен ұқсастықтар турасындағы ғалымдардың зерттеулері мен еңбектері қарастырылды. Синтаксисті басқа ғылым салаларымен интеграциялай оқытудың маңызы айқындалды. Отандық, шетелдік ғалымдардың пікірлерін ескере отырып, синтаксисті басқа ғылым салаларымен интеграциялай оқытудағы интеграциялық ұстанымдар іріктелінді. Әр ұстанымға мысалдар мен тапсырмалар берілді. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде синтаксисті экономика, экология, нутрицология) құқық, философия, зоология, технология, әлеуметтану секілді ғылым салаларымен интеграциялай оқыту үшін оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес әдіс-тәсілдер іріктеліп, тапсырмалар жүйеленді. Синтаксисті интеграциялай оқыту үшін ең тиімді деген жаттығу, қатысымдық әдіс, интерактивтік, салыстыру , проблемалық әдіс, жобалау әдістері қарастырылды. Жасалған әр тапсырманың мақсаты мен күтілетін нәтижелері көрсетілді. Зерттеу жұмысында қарастырылған әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып түрлі бақылау жұмыстары бойынша эксперимент жүргізілді. Эксперимент нәтижесі бойынша тиімді тест түрлері, тапсырмалар мен жаттығулар анықталды. Диссертация жұмыстың қорытынды бөлімінде синтаксисті оқытуда жалаң білім беріп қана қоймай, заман талабына сай функционалды сауатты, жан-жақты, дүниетаным көкжиегі кең тұлғаларды дамыту жолында мұғалімнің оқушыны басқа ғылым салаларынанан хабардар ететін әрі пәнге деген қызығушылығын арттыра түсетін әдістер бойынша жасалған тапсырмаларды орындату маңыздылығы айқындалды. Сараланған әдістер негізінде құрылған тапсырмалар оқушылардың грамматикалық білімі мен әртүрлі дағдыларын қалыптастыруда маңызды орын алатындығы көрсетілді.Item Open Access Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларының семантикаграмматикалық ерекшеліктерін оқыту әдістері(2022) Әсет А.С.Диссертация жұмысының тақырыбы: «Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларының семантика-грамматикалық ерекшеліктерін оқыту әдістері» Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады Диссертациялық жұмыстың көлемі: 78 бет, 7 сурет, 9 кесте, зерттеу барысында 51 әдебиет қаралды. Кілт сөздер: етістік, аналитика, формант, әдіс, технология, стратегия, сынып, қазақ тілі, әдістеме, жаттығулар, тапсырма, стратегия. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде қазақ тіліндегі етістіктердің аналитикалық формаларының зерттелуі қарастырылды. Соның негізінде аналитикалық формалы етістіктердің басқа тілдік құбылыстардан ерекшелігі мен ұқсастықтары ажыратылды, аналитикалық формаларды жасауда көсемше тұлғаларының ерекшеліктері айқындалды және оны жасаудағы көмекші етістіктердің рөлі көрсетілді. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларын меңгертудегі кездесетін қиындықтарды анықтау арқылы, оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер қарастырылды. Ол екі бағытта айқындалды. Аналитикалық формалы етістіктерді ажырата алу; аналитикалық формалы етістіктердің мағыналық жағынан дұрыс түсіну және ажырата алу. Осыған байланысты тұтастай алғанда, екі мәселені практикалық тұрғыдан игертудегі тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылды. Диссертация | жұмысының қорытынды бөлімінде берілген тапсырмалардың шығармашылық және практикалық жаттығулар, ситуациялық жағдайлар білім алушылардың жаңа деңгейге көтерілуіне, кейс тапсырмаларды жоғары деңгейде орындауына, ЕАФ-тарын жетік меңгеруіне, жалпы морфологиялық аядағы білімдері дамып, қалыптасуларына зор ықпал ететіндігі туралы түйін жасалды.Item Open Access Ауызша тілдің жүйесі мен құрылымын меңгерту арқылы филолог-студенттердің сөз мәдениетін қалыптастыру әдістемесі(Suleyman Demirel University, 2019) Дуйсебекова ЖайнагулТұтас бір елдің тәуелсіздігін мызғымас ететін факторлардың бірі – оның ана тілі. Заң тілімен айтсақ: «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» [1]. Себебі бір халықты екіншісінен айқын ерекшелеп, бүкіл болмысын, табиғатын көрсетіп тұратын – оның тілі, соның ішінде оның әбден екшеліп, сұрыпталған ұлттық әдеби тілі. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында аталған бағдарламаның басты мақсаттары ретінде мына мәселелерді атап көрсеткен: «1) мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы; 2) мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу; 3) дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың әлеуеті; 4) қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту»Item Open Access EFL Teachers’ Perceptions of Linguo-coaching(2024) Palmanova A.The purpose of this study is to explore EFL teachers’ perceptions of linguo-coaching as an approach to teaching adult learners in Kazakhstan, focusing on its advantages and challenges. The study involved 11 EFL teachers working at universities, private language schools, and as independent tutors. A qualitative research design was employed, utilizing semi-structured interviews to gather in-depth insights into the participants’ experiences and reflections. Data were analyzed thematically to address the research questions. The findings indicate that linguo-coaching offers significant benefits, including enhanced learner autonomy, motivation, and personalized learning. Participants highlighted the effectiveness of tools such as the GROW Model and the language wheel in facilitating goal-setting and reflective practices, fostering self-directed learning among adult learners. However, challenges such as limited teacher training, institutional constraints, and resource limitations were also identified. Teachers emphasized the need for professional development programs to equip them with the competencies necessary for implementing linguo-coaching effectively. This study contributes to the growing body of literature on linguo-coaching by providing insights into its application in the EFL context of Kazakhstan. It highlights the potential of linguo-coaching to transform traditional language teaching methodologies while addressing barriers to its integration. The findings have implications for educators, policymakers, and researchers seeking to modernize language teaching practices. Future research could expand on this study by including learner perspectives and exploring the longterm impact of linguo-coaching on language proficiency.Item Open Access Using ICT Applications in EFL Teaching: Challenges and Experiences of Novice vs. Experienced English Teachers(Suleyman Demirel University, 2022-06-24) Akniyet YermekkyzyThe aim of this research is to investigate the challenges and experiences of novice vs. experienced English teachers in using ICT applications. The data was gathered through semi-structured, in-depth interviews as part of a qualitative study. The qualitative data were analyzed using thematic analysis. The participants of the study are 20 novice and experienced English teachers of secondary schools. Thematic analysis of the data found that the biggest difference between novice and experienced English teachers is in the variety of ICT applications used, since experienced teachers use government-mandated applications, while novice teachers use different applications, and as well as government-mandated applications. Other than that novice and experienced teachers’ experiences and challenges turned out to be quite similar. EFL teachers use ICT applications for various purposes, but most commonly for lesson preparation. The challenges of both teachers were a lack of technology-supported pedagogical courses and a lack of time due to lack of internet connection and technical infrastructure. Implications for future research and recommendations for practice are provided.Item Open Access ҚАЗАҚ ТІЛІН БАСҚА ПӘНДЕРМЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАЙ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ(2022) Қалқамжай Ж.ТДиссертация жұмысының тақырыбы:Қазақ тілін басқа пәндермен интеграциялай оқытудың әдістері. Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспе, екі тарау (тараушалар), қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 67 бет, 1 кесте бар, зерттеу барысында 52 әдебиет қаралды. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде интеграция туралы түсінік және оның теориялық негіздерін ашу мақсатында оның ерекшеліктері, білім саласындағы интеграциялық оқытудың маңызы мен тілтанымдағы интеграциялық бағыттың артықшылықтары анықталды. Интеграциялай оқытудың еліміздің білім беру жүйесіне ендірілу тарихы мен ерекшеліктеріне шолу жасалды. Қазақ тілін интеграциялай оқытудың тиімділігі арқылы қалыптасатын құзыреттіліктер сараланды. Осы орайда интеграциялай оқытуға қатысты жазылған еңбектер негізінде тұжырымдар жасалды. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде қазақ тілін басқа пәндермен интеграциялай оқытудың әдістері қарастырылды. Қазіргі білім беру үдерісінде өзекті болып табылатын интеграциялай оқыту мәселесін жанжақты талдап, дамыту мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы сабақтарда жаттығу жұмыстары, оқушылардың өздігімен және мұғаліммен атқарылатын түрлі тапсырмалардың үлгілері көрсетілді. Тапсырмаларды құрастыруда оқушылардың пәнаралық байланыстарды танып, қазақ тілі мен басқа пән материалын бір-бірімен кіріктіре алуы басшылыққа алынды. Сонымен қатар, оқушылардың әр тілдік бірліктің уәжін жете түсінуіне басымдылық берілді. Зерттеу жұмысында қарастырылған әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып түрлі бақылау жұмыстары бойынша эксперимент жүргізілді. Эксперимент нәтижесі бойынша қазақ тілімен интеграциялай оқытуға болатын пәндер каталогі анықталды. Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде қазақ тілін басқа пәндермен интеграциялай оқытуда тек бір жақты қарамай, оларға әр тілдік бірліктің астарында ғылыми негіз бар екенін жете түсіндіріп, түрлі тапсырмалар мен шығармашылық жұмыстар арқылы оқытудың тиімділігі көрсетілді. Сараланған әдістер мен критерийлерге негізделіп құрылған тапсырмалардың оқушылардың білімін толықтыра түсетіні, қазақ тілін оқытуда қолданудың маңызы айқындалды.Item Open Access The use of ICT in EFL classrooms: A case study of a community college(Suleyman Demirel University, 2021-06-18) Aigul AkanThis study was conducted to determine how ICT is implemented in EFL teaching and learning in vocational educational institutions in Kazakhstan. The author has designed a questionnaire to examine the use of ICT in EFL classes and in private language learning. The questionnaire uncovers how teachers and students use ICT tools in the process of EFL learning and investigating, the main barriers and blind spots in ICT integration in EFL training in vocational educational institutions of Kazakhstan. The dissertation provides insight into how ICT applications are used in the EFL classrooms at Kazakhstani vocational education institutions; explores the digital competences of EFL instructors; and examines student-faculty cooperation in the EFL classroom.Item Open Access Қазақ тілі сабағында оқу мақсаттарын бағытталған тапсырмаларды құрастырудың тиімді жолдары(2022) Айтқазина Т.Б.Диссертация жұмысының тақырыбы: қазақ тілі сабағында оқу мақсаттарына бағытталған тапсырмалар құрастырудың тиімді жолдары Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 82 бет, 8 кесте бар, зерттеу барысында 37 әдебиет қаралды. Кілт сөздер: оқу мақсаттары, тапсырма, жаттығу, ұстаным, талап, әдіс. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде оқыту қазақ тілінде жүргізілетін негізгі орта мектеп деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы зерттеліп, талдау жасалды. Осы үлгілік оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып, барлық негізгі орта мектепте жүргізілетін қазақ тілі пәндері өтіледі. Бұл құжатта оқу мақсаттары бөлім бойынша әр сыныпқа, “сөйлеу дағдыларына қарай жүйеленіп берілген. Тапсырмалар негізделіп құрастырылатын оқу мақсаттарына жан-жақты талдау жүргізілді. Оқу мақсаттарына негізделген тапсырма түрлері анықталып, тапсырмаларды құрастыруда ескерілуі тиіс ұстанымдар мен талаптар айқындалды. Атап айтсақ, Құрманова Н. «Қазақ тілін дамыта оқыту технологиясы», Рахметова С. «Қазақ тілін оқыту методикасы», Ерхожина Ш. «Құрмалас сөйлемді шығармашылықпен оқыту» монографиясы, Күзекова 3. «Қазақ тілі. Грамматикалық жаттығулар жинағы» және тағы сол сияқты көптеген педагогикалық, методикалық еңбектер қарастырылды. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде оқу мақсаттарына бағытталған, анықталған талаптар мен ұстанымдар ескерілген тапсырма үлгілері құрастырылды. Құрастырылған тапсырмалар зерттеу тәжірибесінде барысында сынақтан өткізіліп, эксперимент нәтижесі талданып, аталған бөлімнің бірінші тараушасына енгізілді. Оқу мақсаттарына бағытталып құрастырылған тапсырмаларды орындату арқылы оқу бағдарламасының 4 бөлімі бойынша оқушыларда қалыптасатын білік-дағдылар сарапталды. Одан бөлек, қазақ тілі пәні бойынша оқу мақсаттарына бағытталған тапсырмаларды құрастырылғаннан кейін, тапсырмаларды оқу үдерісінде тиімді пайдаланудың әдіс-тәсілдері қарастырылды. Тапсырмаларды тиімді қолдану арқылы оқу мақсаттарын қанағаттандыру жолдары айқындалды. Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде зерттелген тақырып бойынша жалпылама қорытынды жұмыстары жасалды. Зерттеу жұмысының ашқан жаңалығы мен маңыздылығы талқыланды. Зерттеу нысаны болып отырған оқу мақсаттарына бағытталған тапсырмаларды құрастыру әдістемесі сарапталып, талқыланды. Атап айтқанда: - Оқу мақсаттарына негізделген, дидактикалық талаптар мен ұстанымдар бойынша тапсырма құрастыру әдістемесіне талдау жасалды. - Құрастырылған тапсырмаларды тиімді қолдану жолдары айқындалды.Item Open Access Readiness of Junior English Teachers for Implementing Inclusive Education in Secondary Educational Institutions in Kazakhstan(Suleyman Demirel University, 2020-12-25) Albina OralbayThe purpose of this research project is to examine the readiness of junior English teachers for the implementation of inclusive education in Kazakhstan. I study the challenges of junior English teachers in working with children who have special needs in Kazakhstani secondary schools. I also explore what could be done to address these challenges of inclusive English teaching in Kazakhstan. Semi-structured interviews were conducted with six junior English teachers who have had experience working in inclusive classrooms across Almaty public secondary schools. The findings suggest that despite having overall positive attitudes towards implementing inclusive instruction of English, junior teachers lack relevant training and resources that would enable them to successfully teach students with special needs. Based on this study, the lack of special education-oriented training could be addressed by introducing inclusive education courses in teacher training curricula and in professional development programs.Item Open Access Терминдік мағына және оны оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері(2022) Искандирова А.Диссертация жұмысының тақырыбы: Терминдік мағына және оны оқытудың әдіс-тәсілдері. Диссертация жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе бөлімнен, екі тарау және қорытынды бөлімнен тұрады. Диссертация жұмысының көлемі: 80 бет (12 кесте, 4 сызба, 4 сурет). Кілт сөздер: термин, терминдік мағына, терминжасам тәсілдері, терминжасам қағидаттары, терминдену, педагогоикалық технология, интеграциялай оқыту. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде зерттеу тақырыбына сәйкес термин, терминге тән негізгі белгілер, терминнің түзілуіне байланысты қойылатын талаптар терминолог ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, сипатталып жазылды. Қазақ ұлттық терминологиялық базаның негізін қалаушы А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Ә.Қайдардың ұсынған терминжасам қағидаттары мен терминжасам мәселелері ғылыми-теорияық тұрғыдан қарастырылады. Осы айтылған теориялық мәселелер нақты тілдік фактілермен дәйектеледі. Ә.Қайдар, Ө.Айтбайұлы, Ш.Құрманбайұлының терминдену үдерісіне берілген анықтаманы негізге ала отырып, терминденуші лексика көздерін қарастырамыз. Терминденуші лексика көздері ретінде жалпыхалықтық лексика, аймақтық лексика, көнерген сөздер мен кәсіби сөздер алынатындығы нақты тілдік фактілер негізінде дәйектеледі. Сондай-ақ, жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес қазақ тілі оқулығында лингвистикалық термин сөздердің қамтылуы және олардың оқытылуы қарастырылады. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде педагогикалық технология, оның ішінде, интеграциялай оқыту технологиясының философиялық, психологиялық және педагогикалық негіздері қарастырылады. Кіріктірілген білім берудің оқыту үдерісіндегі артықшылықтары талқыланады. Оқушы. санасында алған теориялық және практикалық білімді біртұтастындыру арқылы білім қорын жинақтау, жүйелеу мәселелері туралы сөз қозғалады. Терминдік мағынаны оқытуда иентеграциялай оқытуды басшылыққа алу мәселесі туралы сөз қозғалады. Өйткені бір термин сөз бірнеше пәннің (география, физика, биология Т.б.) терминологиялық жүйесінде қолданылады. Әр пәннің өзіне сәйкес терминдік мағынаны меңгертудің жолдары, меңгерту бойынша қандай әдіс-тәсілдердің тиімділік танытатындығы айқындалады. Терминдік мағынаны меңгертуге байланысты тапсырмалар мен жаттығулар топтамасы жасалады.